• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2011

Қылмыс құрықталмай тұр

403 рет
көрсетілді

Өркениетті елдер құқық сала­сының сарапшылары ауыр қыл­мыс түрлері оған жағдай туған жерлерде жиі орын алатындығын баса айтады. Бұған елдің эконо­микалық әлсіздігін, жұмыссыз­дық, кедейшілік, мемлекет тара­пы­нан тәртіптің әлсіреуін, құқық қорғау органдарының қауқарсыз­дығын, т.б. себептерді қосуға бо­ла­ды дейді. Бірақ біздің елде мұ­н­дай кемшіліктер етек алған деп айта алмайсыз. Ел экономикасы белін жазып, халықтың әл-ауқаты түзелді. Мемлекет тарапынан тәр­тіп­ті сақтауға ерекше назар ауда­ры­лады. Сол үшін де ел қазына­сынан мол қаражат бөлінеді. Алай­да, ауру қалса да әдет қалмайды дегендей,  қылмыс жасау азаймай тұр. Нақты айтқанда, ауыры бар, жеңілі бар ел ішінде орын алып жатқан қылмыс түрлері  тиылар емес. Мә­се­лен, бұған нақты айғақ кеше ІІМ бір аптада 3015 қылмыс жасал­ға­нын айтты. Аз дей ал­май­сыз. Жақ­сы өмір сүрудің барлық саласы бойынша өркениетке иек артқан елімізде неліктен мұншама қылмыс орын ала береді? Оның жауабы ретінде Ішкі істер министрлігі айналада болып жатқан оқиғалардан нақты мысалдар да келтірді. Мәселен, осы мамыр айында Ішкі істер министрінің блогына Қарағанды облысы ішкі істер департаменті жол полициясының жеке батальон командирінің  бұ­рын­ғы орынбасары И. Белоусовтан  өтініш түскен. Онда Белоусов Қарағанды облысы ішкі істер департаменті бастығы орынба­сары­ның бірнеше мәрте жол ережелерін өрескел бұзғаны туралы және әкімшілік айыппұлдарды тө­ле­меу деректері бойынша шағым­данған. Бұл өтініш бойынша Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіп­сіздік департаменті және Жол полициясы басқармасының қызметкерлері қыз­меттік тексеріс жүргізеді. Нәтижесінде Белоусов баяндаған жағдайлар анықталған. Осыған байланысты қосымша тер­геу амалдары жүргізіліп жа­тыр. Қызметтік тексеріс мате­риал­дары Ішкі істер министрлі­гінің тәртіптік комиссиясында қа­ралды. Комиссияның ұсынысы бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен ішкі істер органдары қызметкерлерінің Ар-намыс кодексін өрсекел бұзғаны үшін ішкі істер департаменті бастығының орын­басары атқарып отырған лауа­зымынан босатылатын болған. Қа­зір­гі уақытта ол еңбекке жарам­сыз­дық құқын пайдалануда көрінеді. Оның ішкі істер органында бұдан әрі болуы туралы мәселе тексеруге дейінгі тексеріс нәтижесі бо­йын­ша шешілмек. Бұған қоса Жол полицицясы басқармасының екі бөлімінің екі бастығы, бұған дейін жол полициясы басқар­ма­сында бөлім бастығы лауазымын атқарған Жезқазған қаласы ішкі істер басқармасының бастығы, Қа­рағанды облысы өзіндік қауіп­сіз­дік басқармасы бастығының орынбасары және жол полициясы басқармасы бастығы  лауазым­дары­нан босатылған. Сонымен қатар Жол полициясы басқарма­сы­ның төрт жауапты  қызметкер­лері, өзіндік қауіпсіздік басқар­масының бастығы, ішкі істер департаменті бастығының аталған мәселеге жетекшілік ететін орын­басары және облыстық ішкі істер департаментінің бастығы қатаң тәртіптік жазаға тартылған. Әрине, ішкі істер органы ішіндегі мұндай келеңсіздіктерді жұрт білмей, көрмей отырған жоқ. «Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегендей, талай игі істер бүр­кемеленіп қалып жатыр. Өйткені, құқық қорғау органы  арасында қылмыскерлермен талмай күрес жүргізетін адал мамандар басым. Соның айғағындай олар жоғары­да айтылған жалпы қыл­мыстың «ізін суытпай» 1918-ін ашқан көрінеді. Дегенмен, қа­рақшылар да қарап жатқан жоқ. Өңкей тепсе темір үзетін жастағы жігіттер топ құрып Алматы қа­ласы мен Алматы облысы аума­ғында такси жүргізушілерін қан қақсатуда. Олар жолаушыларды жеке та­сымалдаумен айналы­с­татын жүр­гізу­шілердің көліктері­не жолаушы ретінде мініп, со­ңын­да жүргізуші­лерді ұрып-со­ғып, байлап маң далаға тастап кетеді екен. Сосын қолды болған көлік­тер Тараз қала­сына емін-еркін кедергісіз жеткізіліп, сатылады. Қа­зіргі уа­қытта құқық қорғау орган­дары осындай үш автокөлікті тауып, оған қа­тыс­ты деген қыл­мыс­кер­лерді де қа­мауға алған көрінеді. Ал Батыс Қазақстан облы­сын­да жергілікті бір тұрғын аңдарды қылмыскерлерден қорып жүрген қорықшының өзін қорықпай пы­шақ­тап кетіпті. Әлгі 38 жастағы қарақшының шектен шыққаны соншама қорықшының арнайы киімін сыпырып алып киіп, мо­йы­­нына асынып алған. Оны айта­сыз Атыру облыстық тарихи-өл­ке­тану мұражайынан біреу тарихи жәді­гер­лер, яғни  2 күміс та­паншаны және  17-18 ғасырдың револьвері мен  19-20 ғасырдың  5 православие иконасын білдіртпей үптеп кеткен. Сөйтсе ұры есікті ашу үшін оның кілтін асық­пай іріктеген кө­рінеді. Ұры­ның асық­пай жүр­гені ешқандай бақы­лау­дың болмағаны шығар, әйтеуір ол жауынгерлік даңқ залынан түрлі дәрежедегі ордендер мен медаль­дарды да қоса алып кеткен. Кейін жедел-іздестіру шара­лары арқа­сында белгілі болға­нындай, мұ­ның бәрін жергілікті тұрғын жал­ғыз өзі жүзеге асы­рыпты. Бұған қоса баспасөз қызметі, кеше хабарлағанымыздай, Шын­тас тұйық көшесіндегі №6 үйдің ал­дындағы алаңқайда орын алған ав­то­көлік жарылысына орай қыл­мыстық іс қозғалғанын нақтылап өтті. Ол жерден табылған Иван Че­ремухиннің атына жазылған төл­құжат Екібастұз қаласының тұрғы­нына тиесілі көрінеді. Ал бұл төл­құжатты Иван Черемухин  жаңағы автокөліктің иесіне кепілдік ретінде тастап кеткені анықталған. Елді елең еткізген бұл оқиға туралы ІІМ әзірге қолда бар ақпарат осы дейді. АлександрТАСБОЛАТОВ.