• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
10 Маусым, 2011

Балғын өнерпаз Бас жүлдені жеңіп алды

339 рет
көрсетілді

Биылғы халықаралық балалар күнін Мәскеу қаласында қарсы алған балғын таланттарымыз да бар. Өнерсүйер қауымға ерекше қабілетімен та­нылып жүрген 10 жастағы Айбек Ерназардың есі­мі бізге бұған дейін де таныс болатын. Осы өре­німіз Мәскеу қаласында өткен «Балалар ала­қа­нындағы күн» атты халықаралық байқаудың бас жүлдесін – Гран-приді жеңіп алып, туған қаласына қуанышпен оралды. Алматы қаласындағы №175 Жаңа ғасыр гим­на­зиясында оқитын Айбек жуырда ғана ұйымдас­ты­­рылған жас өн­ер­паздардың республикалық «Шат­тық» фестиваліне қатысып, оның да бас жүлдесін иемденген болатын. Бес жасынан бастап ән айтып келе жатқан жеткіншек «Әнші болғым келеді», «Мен бақытты ба­ламын» сияқты өнер байқауларына қатысып, кө­рерменнің көзіне түсіп жүрген-ді. Ол әнші Мақпал Жүнісовамен «Қазағым» әнін бірге орындап, осы клипі арқылы елге танылған жас талант. Репертуарында «Ойна, балақай», «Анашым», «Әліппем» сияқты 30-ға тарта әні бар балғын өз орындауындағы бірқатар әндерге клиптер де түсіріп үлгерген. Жасы бар болғаны онда болса да өзіне үлкен мақсаттар қойып үлгерген Айбек биыл «Сұлуым» атты жаңа жоба үстінде жұмыс істеп жатыр. Айнаш ЕСАЛИ. Алматы. –––––––––––– Суретте: 10 жасар жүлдегер Айбек Ерназар.