Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Түркияның Премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоғанды Әділеттілік және даму партиясының парламенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтады.
«Түркияның Премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоғанды Әділеттілік және даму партиясының парламенттік сайлауда жеңіске жетуімен құттықтаймын», – деп жазды К.Мәсімов өзінің Twitter-дегі жеке парақшасында.
Еске салайық, дүйсенбіде Түркияда 15 саяси партияның қатысуымен Парламент сайлауы өткен болатын. Деректер бойынша, барлық дауыстардың тең жартысын Әділеттілік және даму партиясы жеңіп алған.