• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Маусым, 2011

Арзан дәріхана ашпақпыз

459 рет
көрсетілді

Жыл сайынғы Жолдауларын­да Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қоғам мен ұлтты тиімді дамы­тудағы әлеуметтік институт ретінде медицинаның мән-маңы­зын ерекше атап көрсеткені белгілі. Ұлт көшбасшысының: «Біз аурудың алдын алуға және алғашқы медициналық-сани­тар­лық көмек сапасын арттыруға дұрыстап кірісуге тиіспіз» деген сөздерінде үлкен мән жатыр. Мемлекет басшысының осы­нау қамқор сөздерін біз қуана қабыл алдық. Соған орай өзі­міздің бизнестегі әлеуметтік жауапкершілігімізді сезіне отырып, Гүлзира Тлеуімбетова екеуміз Талғар қаласындағы орталық аудандық ауруханада әлеуметтік дәріхана ашуға ниеттеніп, осы орайдағы алғашқы қадамдарды жасап жатырмыз. Әлеуметтік дәріханалардың қажеттілігі қазірде, біздің па­йым­дауымызша, айдан анық. Өйт­кені, ондағы күнделікті сұ­ра­ныстағы дәрі-дәрмектер баға­сы жалпы нарықтағыдан әлде­қайда төмен. Халықтың әлеу­меттік тұрғыдан әлсіз топтары қажет дәрі-дәрмектерді нақ осын­дай дәріханалардан алып жатса, нұр үстіне нұр емес пе. Әлемдік тәжірибе осындай бас­тамалардың бизнестің, мемлекет пен қоғамның өзара сенімін орнатып, ынтымақтасуына кө­мек­тесетінін, ұлтты сауықтырып саламаттандыруға септігін тигізетінін көрсетіп беруде. Өз тарапымыздан біз осын­дай дәріхананы ашып, оның үзі­ліссіз де сапалы жұмысын қам­тамасыз етуге әзірміз. Ондағы дәрі-дәрмек сұранысқа әбден сай келіп, бағасы қолжетімді болмақ. Әсіресе, мұндай дәрі­хананы Талғарда ашуымыз ту­ған қаламызға тартқан сыйымыз болар еді. Бұл жұмысты жеріне жеткізіп атқаруға осы салада бұған дейін жинаған тәжіри­беміз, білім-білігіміз жеткілікті. Олай болса, бұл ізгілікті баста­мамызды халықтың қалың топ­тары қуана қарсы алады, сон­дай-ақ жергілікті билік өкілдері де түсіністік танытып, қолдайды деп үміттенеміз. Әсел БАЙТҮКЕНОВА, жеке кәсіпкер. Алматы облысы, Талғар қаласы.