• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2011

Алдағы қажылық өз дәрежесінде өтеді

337 рет
көрсетілді

Сауд Арабиясы Корольдігінің Қа­жы­лық министрі доктор Абд ас-Са­лам Әл-Фарисидің шақыруымен Қа­зақ­стан мұсылмандары діни бас­қар­­ма­сының төрағасы, Бас мүфти, шейх Әбсаттар қажы Дербісәлі бас­таған де­легация 2010 жылғы қажы­лықты қо­рытындылау және үстіміз­дегі жыл­ғ­ы қажылықты ұйымдас­ты­ру мәсе­ле­лерін талқылау мақсаты­мен жуырда сол елде болып қайтты. Қажылық министрлігіндегі кездесуде Сауд жағы 2010 жылы Қазақ­стан­нан 3378 азаматтың келіп, қа­жылық парыздарын өтеп, аман-есен отан­да­ры­на қайтқандарын тілге тиек ете келе, бұл істі дұрыс ұйым­дастыра білгені үшін Қазақстанның қажылық миссия­сы­ның басшысы Жанболат Мұ­ха­мет­қалиевтің игі ісіне риза­шы­лық білдірді. Туристік компаниялар қа­жы­лар Корольдікке келмес бұрын, олар тұ­ратын үй-жайды күні ілгері дай­ын­дап, көлік, ас-су жағының дұ­рыс ше­шілуіне көңіл бөлді. Қажы­лар­ға Қазақстан мұсылмандары діни басқ­армасы жіберген дін қызмет­кер­лері де тиісінше діни үгіт-насихат жұ­мыстарын жүргізіп отырған. Саудияның Қажылық министр­лігі 2011 жылға Қазақстан үшін 4 мың квота бөле отырып, оны ой­да­ғыдай орындауға тілектестік білдірді. Со­нымен қатар министрлік: Қа­зақ­стан қажыларын қасиетті жерлерге алып келу, алып кету ісіне дай­ын­дыққа Қазақстанның туристік фир­ма­ларының күні ілгері кірісуін; Қа­жы­лар құрамында қарт кісілер болған жағдайда, олардың қа­сын­да міндетті түрде бірге ілесіп жүретін жақын ту­ыстары болуын; жүрек, қант диабеті және т.б. сыр­қаты бар аурулар санын шектеуді; өткен жылдар­да­ғы­дай Қа­зақ­стан­ның туристік фирмаларының қажы­лыққа тек Қазақстан азамат­та­рын әкелуі керектігін, сондай-ақ бас­қа да мәселелерді баса ескертті. «Егемен-ақпарат».