• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
17 Маусым, 2011

Жаңа…

332 рет
көрсетілді

...жоғары оқу орны отау тігеді Кеңес Одағының Батыры, жерлесіміз Жәлел Қизатов атындағы  ауыл шаруашы­лы­ғы колледжі – Қызылжар өңі­ріндегі байырғы оқу орын­да­ры­ның бірі. Қазір мұнда  то­ғыз мамандық бойынша ауыл шаруашылығы саласына мамандар әзірленеді. Оқушылар­дың саны 700-ден асады. Был­тыр «Жол картасы» бағдарла­масы аясында жатақхана, оқу корпустары күрделі жөндеу­ден өтіп, материалдық-техни­ка­лық база нығайтылды, қа­зір­гі заманғы құрал-жабдық­тар, қондырғылар орнатылды. Енді осы оқу орны  агро­тех­никалық институтқа ай­нал­дырылмақ. Бұл жөнінде облыс әкімі Серік Біләлов Түмен аг­рарлық институты басшы­ла­ры­мен тікелей  бейнебайла­ныс­қа шыққанда мәлімдеп, білім беру саласындағы екіжақ­ты  келісім-шарттың  ойдағы­дай орындалатынына сенім білдірді. Ресейлік әріптестері­міз  қашықтықтан оқыту жүй­есіне дайын екендіктерін білдірді. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы.   ...мүсіндер жан сергітуде Бүгінде Астанада тұратын белгілі суретші және мүсінші А.Назарқұлдың есімі, әсі­ресе, тараздықтарға жақсы т­а­ныс. Өйткені, оның шығар­ма­шылық еңбек жолының көп жылдары туған қаласында өтіп, осы қаланың абырой-ата­ғын аспандатуға арналды. Жақында ол Астанадан келіп, тараздықтарға өзінің қо­лы­нан шыққан жаңа мүсін­де­рін ұсынды. Енді тараздықтар мен оның қонақтары ше­бер­дің қолынан шыққан тылсым сырлы туындыларды қаланың даңғылдары мен көшелерінің бойынан, гүлзарлар мен сая­бақ­тардан тамашалайтын болады. Облыс басшылығы Тараздан шыққан талант иесінің ту­ындыларын жылы қабылдады. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ, Жамбыл облысы.   ...«Неке сарайы» ашылды Жезқазған қаласында сәу­лет­тік өнердің соңғы үлгі­сі­мен салынған шынылы пирамида ғимараты пайдалануға бе­рілді. Онда неке қию сал­танаты өткізіліп тұрады. Металлургтер саябағы бой­­ындағы бұл әдемі нысан қала көркіне ерекше сән береді. Неке қию залы орналасқан ғимараттың екінші қабатында шаһар тарихына арналған мұ­ра­жай бар. Отау тіккен жас жұ­байлардың алғашқы бір тобы осы жерден неке куәлігін алды. Айқын НЕСІПБАЙ, Жезқазған.