• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
18 Маусым, 2011

Сауықтыру орталығына сапар

367 рет
көрсетілді

Кеше Парламент Сенаты Төрағасының орын­ба­са­ры Александр Судьин бастаған жоғарғы пала­та­дағы «Өңір» депутаттық тобының мүшелері Ақмо­ла облысындағы Ақкөл балалар үйінің «Рассвет» сауықтыру орталығында болды. Сенаторлардың балалар үйі тәрбие­ленушілерімен дағдыға айналған кездесуі Сенатта бірнеше жыл қызмет етіп келе жатқан депутаттық құрылымның жұмыс жоспары аясында өтті. Жазғы лагерьде болған кезінде депутаттар демалыстағы тәрбиеленушілер жағдайымен бірге, балалардың денсаулығын нығайту бағ­дарламасымен де танысты. Кездесу соңында балаларға компьютерлік сыныпқа арналған жабдықтар тарту етілді, деп хабарлады Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.