Астанада еліміздің Премьер-Министрі – Назарбаев Университеті Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімов шетелдік ЖОО-серіктестер өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Премьер-Министр Назарбаев Университеті мен Интеллектуалдық мектептер желісін еліміздің индустриялдық дамуына арналған озық технологиялар мен инновацияларды әзірлеу және енгізу жүйесіне айналдыруға қызығушылық білдірді.
Кездесуде шетелдік серіктестер Назарбаев Университетін құрудың жоғары қарқындылығын атап өтті және студенттерге жоғары сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін ынтымақтастыққа дайындықтарын растады.
Алдағы оқу жылында Назарбаев Университеті жаңа факультеттер – инженерия, ғылым және технологиялар, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебін ашады.
«Назарбаев Университеті бүгінгі жас буын өкілдерінен болашақта елдің ұлттық экономикасына үлестерін қосатын көшбасшыларды әзірлейтін болады және ондағы ғылыми-зерттеу жұмыстары қазақстандық білім беру стандарттарының бірі ретінде әлемдік стандарттарға теңесетініне кепілдік береді деген сенімдеміз», – деді Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу кездесулер қорытындысы бойынша берген сұхбатында.
Назарбаев Университеті – Елбасының бастамасымен ашылған Астанадағы жоғары оқу орны. Мемлекет басшысының ойынша, Университет отандық жоғары білім жүйесінің жалаугері, заманауи білім мен кадрлар ұстаханасы ретінде маңызды рөл атқарады.