Кеше Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі жанындағы Сараптамалық кеңестің мәжілісі өтті.
Күн тәртібі бойынша Қазақстандағы этнодіни ахуалдың дамуы мәселелері қарастырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы М.М.Тәжин талқылау барысында аймақ пен әлемдегі жаңа үрдістер, Қазақстанның әлеуметтік-саяси дамуының қазіргі жағдайы, мемлекетті ілгерілетудің осы бағытын жетілдіру секілді маңызды мәселелерге қатысты әңгіме қозғады.
Қазақстандағы мемлекеттік-конфессиялық және этносаралық қатынастардың қазіргі тұғырнамасын әзірлеу барысында азаматтық сектор мен мемлекеттік ынтымақтастықтың үйлесімділігі қамтамасыз етілуі тиістігі атап көрсетілді.
Мәжілістің қорытындылары бойынша Сараптамалық кеңес тарапынан нақты ұсыныстар берілді, олар Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі мен Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының алдағы жұмыстарында қолданылатын болады.