• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
24 Маусым, 2011

Құжат жобасы мақұлданды

370 рет
көрсетілді

22 маусымда Қауіпсіздік Ке­ңесінің хатшысы – Хат­шы­лық меңгерушісі Қозы-Көр­пеш Жаң­быршиннің төраға­лы­ғымен Қауіпсіздік Кеңесі инс­пек­ция­сының кезекті оты­рысы өтті. Отырыс барысында құқық қорғау қызметін инспек­ция­лау­ды ұйымдастыру және өткізу тәр­тібін айқындайтын құжат жо­басы мақұлданды. Осыған орай, оны құқықтық жағынан рәсім­деу жөнінде мемлекеттік органдар шаралар қабылдайтын бо­лады. 2010 жылы құқық қорғау органдары қызметін талдау нә­тижелері негізінде оларға аза­маттардың конституциялық құ­қық­тарын қорғауға, қызмет­кер­лер арасында сыбайлас жем­қор­лықты болдырмауға және ескертуге, бюджеттік жұмсауларға ба­қы­лауды жақсартуға, есептік-тіркеу тәртібін нығайтуға бағыт­талған тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, алдағы мерзімге арналған инспекция қызметінің негізгі бағыттары айқындалды. «Егемен-ақпарат».