• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
28 Маусым, 2011

Екі есе арзандайды

362 рет
көрсетілді

Қазақстанда 1 тамыздан бастап байланыс операторлары үшін Интернет тарифі орта есеп­пен екі есеге арзандайды. Бұл жөнінде Twitter-дегі жеке парағында Бай­ла­ныс және ақ­па­рат министрі Асқар Жұма­ғалиев мәлімдеді. «Қазақтелеком» 1 шілдеден бас­тап Megaline тарифтік жобалары­ның жылдамдығын арттырады. Ал 1 тамыздан бастап байланыс опе­раторлары үшін Интернеттің шекті тарифтері орта есеппен екі есеге арзандатылатын болады. Жұмы­сымызды осы бағытта жалғас­ты­ра­тын боламыз», – деп жазды А. Жұ­мағалиев. Байланыс және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің нақ­тылауынша, басым байланыс опе­раторлары бағасына жасалған сараптау нәтижелері бойынша «Қа­зақ­телеком» АҚ және «Транстелеком» АҚ-пен көрсетілетін интернет желісіне бастапқы қосылу қыз­меттерінің шекті тарифтері (байланыс операторлары үшін) орта есеппен 2 есеге арзандаған. Сонымен қатар «Қазтранс­ком» АҚ пен «Нұрсат» АҚ 2011 жыл­дың 1 тамызынан бастап тарифтерін шамамен 38%-ға тө­мендетпек. Баспасөз қызметінің ақпарат­тарына қарағанда 1 маусымнан бастап Маңғыстау облысы, Жаңа­өзен қаласы аумағындағы шекті пайдаланушылар үшін «Шер-К» ЖШС интернет желісіне қосылу қызметінің тарифтері 20%-ға арзандады. Қазіргі уақытта «Қазақ­теле­ком» АҚ шекті пайдалану­шылары үшін интернет желісіне қосылу қызметінің құнына сараптау жұ­мыстары жүргізілуде.