Бұл ретте теңгенің 2015 жылғы желтоқсандағы айырбастау бағамының деңгейін 2016 жылғы желтоқсандағы деңгеймен салыстыруға болады – тиісінше әр кезеңнің соңындағы есептен алғанда 1 АҚШ доллары үшін 340,01 және 333,29 теңге.
2016 жылы халықтың АҚШ долларын нетто-сатып алуы 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылғы көлемнен 5,7 есе дерлік төмен. Бұл деңгей 2001 жылдан бергі бақылау кезіндегі ең төмен жылдық мән болып табылады. Қолма-қол АҚШ долларына сұраныс сақталып отыр, алайда ол едәуір төмендеп кетті.
Осындай көрініс шетел валюталарының басқа да неғұрлым танымал түрлері бойынша байқалып отыр. Мәселен, 2016 жылы қолма-қол Ресей рублін нетто-сатып алу 88,1 млрд. рубльге дейін 2 есе қысқарды. Бұл ретте қолма-қол АҚШ доллары мен Ресей рублін нетто-сатып алудың теңгедегі баламасында көлемі іс жүзінде теңесті, ал 2015 жылы Америка валютасы Ресей валютасына қарағанда 2,7 есе танымал болды.
Еуропаның қолма-қол валютасын нетто-сатып алудың көлемі өткен жылы 373 млн. еуроға дейін 40%-ға жуық қысқарды. Еуроға сұраныс шектеулі болып отыр.