• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2011

Президент поштасынан

284 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаев Қа­зақ­стан ұй­ғыр­лары республикалық мә­­дени орта­лығы мен Рес­пуб­ликалық ұйғыр музыка­лық комедия теат­ры атына үндеу-хаттары мен жылы шы­­райлы құттық­таулары үш­ін алғы­сын білдіріп жедел­хат жолдады. «Қазақстанның ұйғырлары эко­номика мен мә­­де­ниетті, ғы­лым мен білімді дамытуға, біз­дің елі­­міз­дің этностары арасындағы дос­тық пен өзара тү­сі­ніс­тік­ті нығайтуға өзде­рі­нің лайықты үлестерін қосуда. Тұрақтылық пен келісім – жыл­дан-жылға жүргі­зі­летін, ұр­пақ­тан-ұрпаққа жалғасатын, күн сайынғы үл­кен жұмыс. Және мен еліміздегі ұйғыр интел­ли­ген­циясының өкілдері жас­тарды жоғары рухани байлық пен мәдени құнды­лық­тарға баулып, бейбітшілік пен өзара түсіністік дәс­түрлерін сақтап және жалғас­тырып отыр­ғанын қанағаттану­шылық сезіммен атап өтемін. Қазақстанның әр алуан мәде­ние­тінің ажыратылмай­тын бөлі­мі болып табылатын ұйғыр мә­дениетін сақтау және дамыту үшін бізде бар­лық жағдай жасал­ған. Бұл орайда, тамаша сахна саңлақтары көп жыл­дар бойы еңбек еткен Республи­ка­лық ұй­ғыр музыкалық комедия теат­ры үлкен рөл атқарады. Бұл іске Қазақстан ұйғыр­лары республи­калық мәдени орта­лығы тәрізді қоғамдық бірлестік те айтар­лықтай үлесін қосты. Сіздердің жетістіктеріңіз – бар­ша Қазақ­стан халқының жетістігі. Біз біртұтас достық от­ба­сын­да бірлесе отырып жаңа, тәуел­сіз Қазақ­станды құрудамыз. Театр ұжымына, ғылым мен мә­де­ниет қайрат­кер­леріне, барлық ме­нің отандастарыма игілік, гүл­де­ну және жаңа табыстар тілеймін! Сіз­дер­­дің өнерлеріңіз, қызметте­ріңіз біз­дің көпұлтты Ота­нымыз – Қазақстан Рес­пуб­ликасының ортақ игілігіне, бейбіт­шілік пен келісімге одан әрі қызмет етсін!», – делінген жеделхатта.