Прокурорлар қадағалау қызметі барысында құрылыс саласында бірқатар компаниялар жылжымайтын мүлік нысандарын сату бойынша мәмілелерді салықтық есептілікте көрсетпей, бюджетке елеулі шығын келтірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Павлодар облысы прокуратурасының мәліметінше, құрылыс компанияларының бірі тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған 43 нысанды сатқан. Алайда бұл туралы мәліметтер декларацияда көрсетілмеген. Яғни, компания салықтық міндеттемелерін жасырып, 77,8 млн теңге көлемінде корпоративтік табыс салығын төлемеген.
1414-тен хабарлама: Бас прокуратура алаяқтарға алданып қалмау жолын айтты
Осындай заңбұзушылықтар тағы 12 құрылыс компаниясы бойынша анықталған.
Бас прокуратура Шымкентте көз жұмған сарбаз туралы пікір білдірді
Облыс прокуратурасының қадағалау шаралары нәтижесінде 120 млн теңге бюджетке қайтарылып отыр.
Президент: Прокуратура қызметкерінің заңның бұзылуына селқос қарауға құқығы жоқ