• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2011

Құрметті отандастар!

431 рет
көрсетілді

Бүгін біздің еліміз  Отанымыздың ел­ор­дасы – Аста­наның туған күнін атап өтуде. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында бұл күннің маңызы ерекше және мәні терең. Елбасының кемел саясатының арқасын­да дү­ние­ге келген Астана қаласы егемен ел азамат­та­рының бойында рухани серпіліс тудырып, Қазақстан халқының азаттығы мен дербестігінің белгісіне және ел арманының іске асқанының айқын дәлеліне айналды. Әрбір ел үшін оның Астанасының аталуы жай географиялық атау ғана емес. Осы ұғымның төңірегінде мемлекет пен халықтың тарихы, дәстүрі, тілі мен мәдениеті жарасым тапқан. Адамзат жады қоғам мен мемлекеттің түбегейлі жаңаруының белгісі болған жаңа астаналар тарихына бай. Мейдзи реформаларының дәуірі мен оның бейнесі Токио, кемалистік Түркия мен оның астанасы Анкара, петрлік Ресей мен Санкт-Петербург, тәуелсіздік жолындағы күрес­те жеңіске жеткен АҚШ пен Вашингтон осының мысалы. Бүгінде осы­лардың қатарында аз уақыт ішінде іргесі қаланған Астана да бар. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ел орда­сын Астана қаласына көшіру жөніндегі стратегиялық бастамасы Тәуелсіз Қазақстанның айшықты жетістіктерін айқындаған тарихи маңызы зор тағдырлы шешім болды. Астана ел дамуына екпін берген күшке, Қазақстан халқының бірлігі мен ұйысуының, рухани өрлеуінің жарқын көрінісіне айналды. Оның сәулетінде Нұрсұлтан Әбішұлының еуразиялық идеясы көрініс тауып, қала Ұлт көш­бас­шысының бейбітшілік пен келісім саясатының бейнесіне айналды. Астана Рухы – ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті, Ислам Ынты­мақ­тас­тығы Ұйымы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – мәдениеттер мен өркениеттер үнқатысуы арқасында Батыс пен Шы­ғыс дәстүрі астасып жатқан Еуропа мен Азия арасындағы жалғаушы көпір ретінде әлемге тарады.  Астана қаласы бүгінде әлем жұр­т­шы­лығына Тәуелсіздік. Ұлт көшбасшысы. Ұлт бірлігі деген ұғымдар арқы­лы танылды. Бұл ұғымдар бүгінгі Астананың мәнін айқындайды. Тәуелсіздік таңымен Ұлт көшбасшысы бүгін әлемге танылған этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің үлгісіне айналған ұлттық ұйысудың өзіндік формуласын әзірледі. Астана және Нұрсұлтан Назарбаев – бұл екі атау бірі-бірінен ажырағысыз тарихи факт. Біз, Қазақстан халқы, бірге жұмыла отырып, Астананың жер бетіндегі ең бейбіт, гүлденген  бас қалаға  айналуына күш салуға тиіспіз! Осы ізгі міндетті атқаруда баршаңызға күш-қуат, талмас жігер, қайтпас қайсарлық тілейміз! Біздің елордамыз Бейбітшілік пен Келісімнің бейнесі, мәдение­т­аралық үнқатысу мен толеранттылықтың орталығы болып қала берсін! Ас­та­намыз шуағын шашып, еліміз тұрақты, жұртымыз бақытты болсын! Баршаларыңызды мерекелеріңізбен, Астана күнімен құттықтаймыз! Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі.