• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
06 Шілде, 2011

Бағы жанған бас қала

384 рет
көрсетілді

Астанам, беу, жасай бер, хан-қаламыз, Біз сенің ажарыңа таңғаламыз. Күн сүйген келбетіңе көзайымбыз Жарқырап сен тұрғанда, арман-аңыз!   Сен тұрсың елімізге тұлға болып, Ертегі қаласындай қырға қонып. Алады көздің жауын келбетімен Ғажайып ғимараттар нұрға бөгіп.   Бас қалам, бағың жанған, о, сұлуым, Алаштың ардағы өзің осы бүгін. Көңілдің құсын көкке ұшырады Аспандай қалаларға қосылуың!   Жүзіңде білгендіктен арай барын, Мен саған құмар болып қарайладым. Сәулелі сұлулығын паш етіп тұр Күн сүйген ғимараттар – сарайларың.   Есілдің толқынынан ән тыңдаған, Таң-нұрың арайымен жарқылдаған. Ойымен Нұрағаның Орда болған Көркіңнен айналайын,  алтын-қалам!   Асылы тамам қазақ баласының, Бөлейді бойды нұрға жарасымың. Асқақта көк байрақты желбіретіп, Естіртіп бар ғаламға Алаш үнін! Зейнолла ӘКІМЖАНОВ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі. Петропавл.