Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Әділханұлы Әбілдаев Қазақстан Республикасының Оман Сұлтандығындағы Төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.
* * *
Мемлекет басшысының Өкімімен Марат Ғанұлы Демеуов Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалды.
Хроника
Мемлекет басшысының Өкімімен Амантай Акрамұлы Әубәкіров басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен босатылды.