• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экспорт Бүгін, 14:42

Қазақстан балмұздақ экспорты бойынша рекорд жаңартты

10 рет
көрсетілді

2025 жыл қорытындысы бойынша Қазақстан тарихында алғаш рет балмұздақ экспорты импорттан асты. Нақты айтқанда, импорт көлемі – 12 194 тонна болса, экспорт көлемі 14 167 тоннаға жеткен, деп жазады Egemen.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, мұндай табыстың кілті заманауи өндірістік қуатты құруға жасалған ірі инвестициялар, озық технологиялар, сондай-ақ отандық өндірушілерге жүйелі мемлекеттік қолдаудың нәтижесі.

Экспорттық түсімнің өсуі және орташа экспорттық бағаның көтерілуі баға бәсекелестігінен сапа мен бренд деңгейіне өтіп жатқанын көрсетеді.

Түйе сүтінен – балмұздақ пен иогурт

«Шин-Лайн» компаниясының вице-президенті Омарбек Жұлдыздың айтуынша, бұл нәтиже ұзақ мерзімді жаңғырту және экспортты ұлғайту стратегиясының жемісі.

«2005 жылы Қазақстан тек 12 тонна балмұздақ экспорттап, импорт көлемі 12 мың тоннаны құраған еді. Бүгінде жағдай түбегейлі өзгерді. Жеткізілімдер географиясы 10 елге дейін кеңейіп, экспорт алғаш рет импорттан асты. Бұл Қазақстан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін және саланың жетілгенін көрсетеді», деді ол.

Шұбаттан жасалған балмұздақ нарыққа шықты

Соңғы жаңалықтар