• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
12 Шілде, 2011

Жұмыссыздық деңгейі кеміді

411 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында әлеуметтік салаға көп көңіл бөлді. Расында, халықтың көңіл-күйі осы әлеу­меттік мәселелерге тікелей байланысты екені белгілі. Сондық­тан әлеуметтің әлеуетін арттыра түсу басты мәселелердің бірі болып қала бермек. Президент «Үкімет бизнес қоғамдастығымен бірлесіп, индустриялық нысандарға жұмыс істегісі келетін адамдарға тегін кәсіптік оқуды ұсынуы қажет. Әрбір қазақ­стан­дықтың елді ауқымды индустрияландыруға қатысуына мүмкіндік туғызуы керек» деуі де осындай міндеттерден туындаған. «Жол картасы» бағдарламасы ая­сында көптеген жұмыстар атқа­рыл­ды, жұмыссыздық деңгейі қыс­қарды. Бұған мысалды Қазалы ау­данында атқарылған іс-шараларға қарап байқауға болады. «Жол картасы» іс-қимыл жос­парының орындалуына байланыс­ты ауданда 2010 жылы 13 жоба қара­лып, нақты 297 жаңа жұмыс орны ашылу белгіленген болатын. Бұл әлеуметтік жобалар бойынша 8 мердігер жеңімпаз атанды. Атал­ған 8 мердігермен келісім-шартқа оты­ру нәтижесінде 297 жұмыссыз жұмыс­қа жіберіліп, әлеу­мет­ік жоба бойын­ша ашылатын жаңа жұ­мыс орын­дары 100 пайызға орындалды. Сол сияқты мамандығы бар жұ­мыссыз жастарды тәжірибеден өт­кізу, әлеуметтік жұмыс орын­дарына жіберу үшін 60 млн.теңге респуб­ли­калық бюджеттен қаржы бөлініп, 2010 жылы меншік ныса­ны­на қара­мас­тан 117 мекемемен келісім-шарт­қа отыру арқы­лы жұ­мыс іздеуші ретінде тіркеуде тұр­ған 464 адам өз ма­мандық­тарына сәйкес жастар тә­жіри­бесіне, 37 жеке тұлғалармен ке­лі­сім-шартқа отыру арқылы 203 адам әлеу­меттік жұмыс орындарына жіберілді. «Жас­тар тәжі­рибесі» бо­йы­нша жіберілген маман­дар­дың 78-і, әлеуметтік жұмыс орын­дарына жіберілгендерден 49 адам жұмысқа орналасты. «Жол картасы» бойынша ау­дан­дағы №5, №8 кәсіптік лицейлерде ат­қарылатын жобаларға сәй­кес тракторист-машинистке – 25, автокөлік тех­ни­калық қызмет көр­сету және жөн­деу­ге – 25, слесарь-сантехникке – 25, кір­піш қалау­шы­ға – 25, газ және электр­мен дәне­керлеушіге  – 25, бар­лығы 122 жұ­мыссыз аталған маман­дықтар бойын­ша қысқа мерзімді курс­та оқытылды. Кенттегі №5 кәсіптік лицейден оқу бітірген 50 жұмыссыздан 20 адам, Қазалы қаласындағы №8 кә­сіптік лицейден оқу бітірген 75 жұ­мыссыздан 16 адам, барлығы 36 адам мекеме­лер­дің қажеттілік сұ­ра­ныстарына сәйкес әр түрлі мекемелерге жұмысқа тұрды. «Жол картасына» байланысты жұмыссыздарға кәсіптік даярлау жә­не қайта даярлау курстарын ұйым­дас­тыру барысында 2010 жылы енгізілетін инновациялық жобаларға, әсіре­се, «Батыс Еуропа – Батыс Қы­тай» жоба­сына қажетті мамандарды да­йын­дау мақсатында Қызылорда қала­сын­дағы «Тех Маман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқы­лы 5 жұмыссыз өз өтініштері бо­йын­ша қысқа мерзімді 2 айлық курста оқы­ты­лып, 4-еуі жұмысқа ор­на­ластырыл­ды. Биылғы жылы аудан­дық бюджеттен бөлінген қаржыға      «Рза-Агро» ЖШС-ның сұ­­ра­­нысы бо­й­ынша Түкті­баев ауы­лында №8 кәсіптік лицейдің арнайы фи­лиалы ашылып, 23 жұ­мысс­ыз тракторист-машинист маман­ды­ғына оқы­ты­лып, білім алып шық­ты. Олар да жұмыспен қамтылды. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлі­зін қайта жаңарту мақсатында автомобиль жолының қайта салу жоба­сын іске асыруға жұмыс жасап жат­қан мердігер мекемелер 2010 жылы ауданнан 60 жұмыссызды арнайы жолдамамен жұмысқа қабылдаса, биылғы жылдың 5 айында 99 адам жұмысқа жіберілді. Өткен жылы аудан бойынша тұр­мыстық жағдайы кедейшілік шегі­­нен төмен 305 отбасының 1638 мүшесіне 15771,4 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленді. Бұл әлеуметтік төлемдер биылғы жыл­дың 5 айында өткен жылдың осы ке­зеңімен салыстырғанда 165 отбасыға, 2788,3 мың теңгеге қысқарды. Жаңадан бекітілген «Жұмыс­пен қамту-2020» бағдарламасын жүзе­ге асыруға байланысты аудан әкімінің қаулысымен «Аудандық жұмыспен қамту орталығы» құры­лып, маман­дары жасақталу үстін­де. Жыл артқан сайын жұмыс­сыз­дар саны да азайып келеді. Ал мұның бәрі мемлекет жүр­гізіп отырған сындарлы саясат­тың арқасы екені айдай анық. Жаппарберген ЖАЛҒАСБАЙ, Қазалы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы.