• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
12 Шілде, 2011

Дипломатиялық қызмет ардагерлеріне құрмет көрсетілді

314 рет
көрсетілді

Жақында Алматыда Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов еліміздің дипломатиялық қыз­ме­тінің ардагерлерімен кездесті, деп хабар­лады СІМ-інің баспасөз қызметі. Президент Н.Назарбаевтың тікелей басшы­лы­ғымен және қатысуымен отандық сыртқы саяси қыз­мет өзара тиімді ынтымақтастық пен үйлесімді қағидаттарға негізделе отырып, жақын көрші­лермен, әлемдік державалармен көпжақты пішіндегі қарым-қатынастарда сенімді жүйе құрды, деді министр. Қазақстанның ЕҚЫҰ, ШЫҰ және ИЫҰ-ға төр­ағалық етуі жүзеге асырылып отырған сыртқы саясаттың стратегиялық дұрыстығын және жемістілігін дәлелдейді. Астананың халықаралық арена­дағы сыртқы саяси дәстүрін бейнелейді және Қа­зақстанның көпжақты дипломатиясының сапалы жалғасы болып табылады. Салтанатты іс-шара барысында Сыртқы істер министрі дипломатиялық қызмет ардагерлеріне наградаларын табыс етіп, оларға зор денсаулық пен игілік тіледі.