• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2011

Даңқты дивизия

461 рет
көрсетілді

Алматы қаласындағы 28 гвардиялық панфиловшылар атындағы саябақта қоғамдық ұйымдар мен қала ардагерлері 316-шы атқыштар дивизиясы­ның құрылғанына 70 жыл то­луына орай «Панфилов диви­зия­сының күні» атты мемо­риалды-патриоттық шара өткізді. Шараның салтанатты рәсі­міне Қорғаныс министрлі­гінің өкіл­дері, Алматы қаласын­дағы Ресей Федерациясының Бас Конс­улы В.Завьялов, Қыр­ғыз Республи­касының Бас Консулы С.Үбүкеев және пан­филовшы жауынгер­лердің немерелері қа­тысты. Шара ба­ры­сында көр­ші­лес елдердің ресми тұлға­лары сұрапыл соғыс күндерін­дегі бауырлас ұлттар­дың ерліктеріне тоқ­талып, Даңқ Ме­мо­риалына, генерал И.В.Пан­­филовтың, ба­тыр Б.Момыш­ұлы­ның ескерткіштеріне және 28 пан­филовшы жауынгерлердің ескерткіш тақ­та­ларына гүл шоқ­тарын қойып, «Кеңес Одағы Ба­тыры» атағына ие болған 37 жауынгердің құр­метіне аспанға ақ түсті 37 шар ұшырды. Отанды қорғап Мәскеу түбінде ерлік көрсеткен ерлерді үнсіз еске алып, әскери рәсім бо­йынша аспанға бірнеше дүркін оқ атты. Ресей Федерациясының Бас Консулы В.Завьялов осы жиында кейінгі кезде ресейлік кейбір басылымдар жеңіл жаңалық іздеп аталмыш дивизия жайлы жалған деректер таратқандығын, керісінше, зерттеу барысында панфиловшы жауынгерлердің жа­саған ерліктері біз білетіннен де даңқты екендігі мәлім бол­ғанын жеткізді. Ұйымдастыру қорының директоры М.Тюнин Панфилов дивизиясының тарихи мысалын негізге ала отырып қазақстандық патриотизм рухын тәрбиелеу керек деген пікір айтты. Соғыс ардагерлері, әскери қызметкерлер және қоғамдық ұйым өкілдері мен генерал Пан­филовтың туыстары қатысқан «Пан­филовшы жауынгерлерді еске ала отырып» атты дөңгелек үстел отырысы да кешегі ерлерге бүгінгі көрсетіліп отыр­ған құр­мет мәселесін орынды қозғады. Қанат ЕСКЕНДІР, Алматы.