• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
13 Шілде, 2011

Президент орманы атанып кеткен Астананың жасыл белдеуі зиянкес жәндіктерден қалай қорғалуда?

414 рет
көрсетілді

Сайын даланың жазиралы белдеуінде бой көтерген Астана қаласының төңірегі бүгінде жайқалған жасыл жапырақты ну орманға айналып келеді. Халық арасында «Президент орманы» аталып кеткен Астана қаласының жасыл белдеуі Елбасының тікелей бастамасымен сонау 1997 жылы қолға алынған еді. Содан бергі өткен уақытта бас қаланың жасыл белдеуін құрайтын 55 мың гектар алқапқа орман егілді. Оның 16,5 мыңға жуық гектарына 12 миллион түп ағаш, тал-шілік пен бұта отырғызылған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 2020 жылға дейін Астана орманы Бурабайдың табиғи орманына қосылуы керек. Бүгінгі таңда осы жайқалған ну орманда өсетін сан түрлі ағаштарды зиянкес жәндіктерден қорғау ерекше маңызды мәселе болып отыр. Соған байланысты төменде Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты маманының осы көкейкесті мәселеге арналған мақаласын жариялап отырмыз. Қазіргі сәтте Астана қаласының көшелері мен оның маңындағы ға­на емес, сонымен бірге рес­пуб­лика­мыздың өзге елді мекендеріндегі де екпе ағаштарды, зиянды әсерлерін ескерместен, тек инсектицидтермен жиі-жиі химиялық өңдеу жағдай­лары қалыптасқан. Зиянды организмдерден орман қор­ғау шара­ларының, химиялық өң­деу­­ден бас­қа, ғылыми негізі де болуы керек және құрамына алдын алу шара­лары, екпе ағаштардың орман патологиялық мониторингі, зиян­кес­тердің жеке түрі санының мониторингі мен болжамы кіретін карантиндік және қорғаныш шара­лардың толық жүйесін, сондай-ақ басқа да күрес амалдарын (механи­калық, фи­зикалық, биологиялық) қолдана отырып, жыл бойы жүйелі түрде жүргізілуі керек. Егер ба­сымдылық химиялық өңдеуге берілсе, онда пайдаланылатын инсек­тицидтің ең алдымен адамға, айналадағы орта­ға, жануарлар әле­міне, сондай-ақ пай­далы жәндік­терге зиянсыз бо­луы тиіс. Бірақ, өкінішке қарай, ондай инсектицидтер іс жүзінде жоқ. Әрине, зиянкестерге қарсы инсектицидтер пайдалану оңай, ол көзге де тез түседі. Өйткені, қысқа мер­зімде зиянкестер жаппай қыры­лып қалады. Бірақ инсектицид пайдаланғанда зиянкестермен бірге олардың табиғи жауы да (энтомо­фагтер) жойылады. Бұл жағдай зиянкестердің қалған жеке түрлері­нің кешікпей өсуіне, соған орай химиялық өңдеуді қайталауға әкеп соғады. Жиі-жиі және ойластырыл­май жүргізілген мұндай өңдеу зиянды жәндіктердің инсектицидтерге деген бейімділігін арттыра­ды. Сондықтан да оларды пайдалану экономикалық тұрғыдан да, биоло­гия­лық тұрғыдан да пайда­сыз бола­ды. Сонымен бірге, екінші дәрежелі зиянкестердің кейбір түрлері, олардың табиғи жаулары­ның қыры­луына орай, химиялық дәрмектерді одан сайын көп пайда­лануды қажет етеді. Біздің болжа­уымызға және кейбір ғылыми деректерге қара­ған­да, химиялық өң­деуді бұлай пайдалану қарқынымен Астананың жа­сыл белдеуінде зиян­кес­тердің инсектицидтерге деген тө­зімділігі арт­қан, олар бұл химиялық өңдеуге бейімделіп кеткен жә­не екінші дәрежелі зиянкестер жаппай өрші­ген жағдайлар кездесіп те жатыр. Мұндай фитофаг-жәндіктер (жапы­рақ және қылқан кеміргіш­тер) санының артуы ағаштарды жала­ңаштап, әлсіретіп тастайды. Соның салдарынан олар аурулар мен дің зиянкестерінің шабуылына шыдай алмайды. Ақырында екпе ағаштар­дың кейбір телімінің, кей жағдай­ларда бүкіл орман алқа­бының қурап қалуына әкеп соғады. Зиянкестер мәселесіне теріс көзқа­рас және оларды Астананың жасыл белдеуінен инсектицидтермен жою, онымен қайта-қайта улау “Жасыл аймақ” бағдарламасына кедергі келтіріп, бюджет қаржысы­ның нәтиже­сіз және қайтарусыз шығынына әкеп соғады. Пестицидтерді тым кең қолдану біздің институт ғалымдарының ара­сында кәдімгідей қобалжу ту­ды­руда. Қоршаған ортаны (су көздері, топырақ, ауа) ол дәрілерді шашу кезінде ластау және адам ағзасына пестицид қалдықтары жиналып, түрлі ісік және аллергия­лық, сон­дай-ақ белсіздік ауруларын туды­руы, сондай-ақ жануарлар әлемі мен өсімдік әлемінің жұтаң тартуы кім-кімді де алаңдатады ғой. Әри­не, пестицидтер оның теріс әсер­лері ескеріліп, төтенше шара ретінде қолданылуы тиіс. Бұл күрестің биологиялық амал тәрізді эколо­гиялық қауіпсіз шараға ба­сым­дылық бере отырып, зиянкестерге қарсы қорғаныш шарала­рының кешенді жүйесін жасап, пайдалану мәселесін көкейкесті мәселе етпек. Пестицидтерді төтенше жағдай­да пайдалануға байланысты мәсе­ленің аса мәнді екенін ескере отырып, Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу инсти­туты өзінің ұзақ мерзімді бола­шағында өсімдік қорғаудың эколо­гиялық қауіпсіз амалдарын жасап, дамытуды алдағы уақыттағы міндеті деп тапты. Қазіргі кезде институт Қазақстанда ауыл шаруашы­лығы өндірісіндегі, сондай-ақ елді мекен­дердің көшелеріндегі, сон­дай-ақ олар­дың маңындағы орман-бақ ағаштарының зиянкес жәндік­тері мен кенелерді биологиялық бақы­лау үшін биологиялық дәр­мектер мен биологиялық агенттерді жаппай өндіру және кең ауқымды пайдалану мәселесін насихаттауда. Бірақ Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты коммер­ция­лық мақсат емес, ақша­лай тұрғыда түсіндіру қиын қорғаныш ша­раларын эколо­гиялан­дыруға, Қа­зақ­стан халқының ден­саулығы мен айналадағы ортаны сақтауға ар­налған биологиялық тәсілді алға бастыруды көздейді. Қазбек ТӨЛЕУБАЕВ, Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты бас директорының орынбасары.