Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевке «Булгария» жолаушылар теплоходының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.
«Көптеген адамдар құрбан болған Волгадағы «Булгария» жолаушылар теплоходының апатқа ұшырауы туралы қатты қайғыра отырып естідім. Осы қаралы күні Қазақстан халқының атынан және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарына шынайы көңіл айтуымды және зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілеулестігімді жеткізуіңізді сұраймын», – делінген жеделхатта.