• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
15 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының қаулысы №32

259 рет
көрсетілді

2011 жылғы 1 сәуір                  Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының агроөнеркәсiп кешенi саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң еншiлес ұйымдарына, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу мәселелері бойынша және кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: Агенттік Басқармасының «Агроөнеркәсiп кешенi саласындағы ұлттық басқарушы хол­дингтiң еншiлес ұйымдарына, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi мен олардың нормативтiк мәнi және олардың орындалуы туралы есеп беру нысандары мен мерзiмдерi туралы нұсқаулықты бекiту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 48 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4158 тiркелген) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгiзiлсiн: Аталған қаулымен бекiтiлген Агроөнеркәсiп кешенi саласындағы ұлттық басқарушы холдинг­тiң еншiлес ұйымдарына, ипотекалық ұйымдарға арналған пруденциалдық нормативтердi есептеу әдiстемесi мен олардың нормативтiк мәнi және олардың орындалуы туралы есеп беру нысан­дары мен мерзiмдерi туралы нұсқаулықта: 9-тармақта: 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын: «1) заемдар, салымдар, дебиторлық берешегі, бағалы қағаздар түріндегі ұйымның заемшыға қоятын талаптары; 2) ұйымның балансынан есептен шығарылған ұйымның заемшыға қоятын талаптары;»; мынадай мазмұндағы 2-3) тармақшамен толық­тырылсын: «2-3) осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәй­кес есептелген шартты және ықтимал міндеттемелер түріндегі ұйымның заемшыға қоятын талаптары;». 2. Агенттік Басқармасының «Кредиттеу жө­ніндегі құжаттамасын жүргізу ережесін бекіту туралы» 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 тіркелген, 2007 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2007 жылғы 25 сәуірде «Заң газеті» газетінде № 62 (1265) санында жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін: Аталған қаулымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде: 8-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «10) заемшының бизнес-жоспарында белгi­лен­ген мақсаттар мен мiндеттердiң iске асыру мүмкіндігі туралы баға берілген және өтеу көз­дерін, сондай-ақ ақша ағынының көлемі мен мер­зімдері айқындалған банктің кредиттік бөлім­шесінің қорытындысын қоса отырып, банктің уәкілетті органы меншікті капиталының 0,02 пайыздан астам сомасына кредит беру туралы шешім қабылдайтын банктің тиісті бөлімшелерінің қорытындылары (сараптама­лары); кредиттік тәуекелді басқару жөніндегі және кепілмен жұмыс жөніндегі экономикалық қауіп­сіздігі бөлімшесінің және заң бөлімшесінің қорытындылары (сараптамалары). Банктің ішкі кредиттік саясаты банктің құры­лымдық бөлімшелері, оның ішінде негізінде банктің уәкілетті органы кредит беру шартын өзгерту немесе меншікті капиталының 0,02 пайыздан төмен сомасына кредит беру туралы шешім қабылданатын сараптама (қорытын­дылар) жүргізуге талаптары көзделу тиіс. Банктің уәкілетті органы көрсетілген қоры­тындылар (сараптамалар) негізінде кредит беру туралы немесе кредит беру туралы шарт талаптарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды не кредит беруден немесе кредит беру туралы шарт талаптарына өзгерістер енгізуден бас тартады;»; 9-тармақта: 10) тармақшада «.» деген тыныс белгісі «;» деген тыныс белгісімен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 11) тармақшасымен толықтырылсын: «11) заемшының бизнес-жоспарында белгi­лен­ген мақсаттар мен мiндеттердiң iске асыру мүмкіндігі туралы баға берілген және өтеу көздерін, сондай-ақ ақша ағынының көлемі мен мерзімдері айқындалған банктің кредиттік бөлім­шесінің қорытындысын қоса отырып, банктің уәкілетті органы меншікті капиталының 0,02 пайыздан астам сомасына кредит беру туралы шешім қабылдайтын банктің тиісті бөлімшелерінің қорытындылары (сараптама­лары); кредиттік тәуекелді басқару жөніндегі және кепілмен жұмыс жөніндегі экономикалық қауіп­сіздігі бөлімшесінің және заң бөлімшесінің қорытындылары (сараптамалары). Банктің ішкі кредиттік саясаты банктің құрылымдық бөлімшелері, оның ішінде негізінде банктің уәкілетті органы кредит беру шартын өзгерту немесе банктің меншікті капиталының 0,02 пайыздан төмен сомасына кредит беру туралы шешім қабылданатын сараптама (қоры­тындылар) жүргізуге талаптары көзделу тиіс. Банктің уәкілетті органы көрсетілген қоры­тындылар (сараптамалар) негізінде кредит беру туралы немесе кредит беру туралы шарт талап­тарына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдайды не кредит беруден немесе кредит беру туралы шарт талаптарына өзгерістер енгізуден бас тартады.»; мынадай мазмұндағы 23-2-тармағымен толықтырылсын: «23-2. Меншікті рейтингі бар немесе Standart & Poor’s агенттiгi тағайындаған рейтингі бар немесе басқа халықаралық рейтинг агенттiктерiнiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар немесе Қазақстан Республикасының резиденттер банктері үшін осы деңгейдегі немесе «В»-дан төмен емес рейтингі бар немесе Қазақстан Республикасының резидент еместер банктері үшін осы деңгейдегі немесе «А»-дан төмен емес рейтингі бар бас банктің рейтингі бар банк басқа банктің кепілдігіне (қарсы-кепілдік) шығарған кепiлдiктер бойынша кепiлдiк берiлген тұлға борышын өтегенге дейiн жүр­гiзiлетiн, осы Ереженiң 8-тармағының 1), 6), 8), 11) тармақ­шаларында көрсетiлген құжаттарды (банкте аталған құжаттар болған жағдайда - осы құжат­тардың көшiрмелерiн) қоса беріп, досьенi қалыптастырады.»; 24-тармақтың бірінші бөлігі «кепілдіктерді» деген сөзден кейін «және осы Ереженің 23-2-тармағында көрсетілген кепілдіктерді» деген сөздермен толықтырылсын; 27-1-тармағы «аккредитивтер бойынша» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ осы Ереженің 23-2-тармағында көрсетілген кепілдіктер бойын­ша» деген сөздермен толықтырылсын. 3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тарма­ғын қоспағанда, осы қаулы бірінші рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Төрайым    Е.БАХМУТОВА.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әді­лет министрлігінде 2011 жылғы 11 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6940 болып енгізілді.