• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
15 Шілде, 2011

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы №235-ө

338 рет
көрсетілді

2011 жылғы 28 маусым   Астана қаласы

2011 жылдың 3 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі №537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың 3 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2011 жылдың 2 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2010 жылғы 29 наурыздағы №109-ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде №6849 тіркелген және «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 6 сәуірдегі №130-133, «Казахстанская правда» от 07.04.2011 г., №117 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын. 3. Әлеуметтік көмек департаменті (К.А.Манабаева) осы бұйрықты: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды; 2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.А.Ахметовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi және 2011 жылдың 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Министр Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 30 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7051 болып енгізілді.