• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2011

Жаз қызығы балалар үшін «Алтын шажа» шипажайында жалғасуда.

731 рет
көрсетілді

Жаз – шаруа мезгілі ғана емес, демалып, денсаулықты ны­ғайтатын кез. Әсіресе, осы мерзім жас ұрпақтың өсіп, жетілуіне тиімді болғандықтан, олар­дың күн көзі мен таза ауада мей­лінше көп болуына көңіл бөлінгені қуантады. Биыл өңір бойынша мектеп жасындағы 220 мыңнан астам оқушы тегін жазғы демалыспен қамтылған. Қазіргі кезде олардың жарты­сынан астамы демалып үлгер­ген. Көпшілік сұранысына ие демалыс орындарының бірі Текелі қаласындағы «Алтын шажа» шипажайында белсенді де­ма­лыспен қатар, оқушылар ден­саулығына күтім жасап, емделулеріне мүмкіндік мол. Жазғы демалыс күндері же­ті­­сулық балғындарға қызық­ты деуге болады. Шипажайда доп ой­нап, туған жер таби­ғатын та­ма­­шалаған балалар денсау­лы­ғын шыңдаса, арнайы топқа дә­рі­гер­лік емдік шаралар көр­сет­ілуде. Мәселен, мұнда 14 жасқа дейінгі балалар тынықса, олар­дың ара­сында өзге облыс­тар­дан келген бүлдіршіндер де бар. – Лагерьге алғаш рет келіп тұрмын. Өзім Батыс Қазақстан облысынан келдім. Бәрі жақсы, мәдени шаралар жиі өтеді. Көп дос таптым. Ауырған жерімізді дәрігер апайлар емдейді. Күніне бес мезгіл тамақтанамыз, дейді Оралдан келген Елтай Әлібек. Әсем тау бөктеріндегі ты­ны­ғу орны түрлі медициналық құрал-жабдықтармен қамтылып­ты. Мұн­да бүйрек, құлақ, тамақ ауру­ларына қарсы ем жасала­ты­нын көріп, бүлдіршіндерге деген шы­найы қамқорлықты сезіне түстік. – «Алтын шажа» емдеу, сауық­тыру лагерінде 250 бала өздерінің жазғы каникулдарын өткізуде. Ба­лалардың әр күні қызыққа толы. Және емдеу шаралары қатар өтіп, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған балалар бір отбасын­дағыдай тату-тәтті, – деді «Алтын шажа» демалыс лагерінің топ жетекшісі Жадыра Қасымбаева. Текелі қаласы бойынша бұдан өзге 3 демалыс лагері жұмыс істейді. Оларда тынығып жатқан оқушылардың шет тілін меңгеру­леріне де мүмкіндік жасалған. Мәселен, «Бастау» лагерінде оқу­шыларға еріктілер арнайы сабақ өткізеді. – Маған «Бастау» лагері өте ұнайды. Жаттықтырушы мұғалім­дер де жақсы. Күнде кешкі астан кейін мереке болады. Жазды қысқа айналдырып, қағаздан қар жасадық, – дейді Талды­қор­ған қаласындағы №14 мектеп-гимназиясының оқушысы Аружан Серікмұрат. Балалардың демалысын об­лыс­тық білім басқармасының мамандары бақылап, тынығу бағдарламасы мен тамақ сапа­сына мән береді. Оқу жайы да басты назарда. – Биылғы жазғы демалыста 220 мың баланы демалыспен,  сауықтырумен қамтамасыз етуді жоспарлап отырмыз. Бүгінгі күн­ге дейін 130 мың бала де­мал­ды. Сонымен қатар әртүрлі бағыттағы жұмыстарын жалғас­тырған жаздық лагерьлер де бар. Ол мектеп жанындағы және дебаттық топтар, тіл үйрену лагерлері. Көбінесе мұнда ағыл­шын тілін жыл бойы оқыған балалар жинаған білімдерін қайта­лап, тілді жақсы үйренеді,– дейді облыстық білім басқарма­сы­ның бастығы Ләззат Базар­құлова әңгіме арасында. Жазда жақсы демалған бала жаңа оқу жылына зор ынтамен келетіні заңдылық. Сондықтан балалардың жазғы демалы­сына ата-аналар да баса мән берсе құба-құп. Бұл мамандар пікірі. «Алтын шажа» мен «Бастау» лагерлеріндегі жазғы каникул­дарын көңілді өткіз­гендердің бүгінгі жайы оған нақты дәлел. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.