• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
16 Шілде, 2011

Жаңа театр салынбақ

262 рет
көрсетілді

Кенді Алтайдың жүрегі – Өскемен бүгінде сәу­леттене, көркейе түсті. Қазір көшелерге күр­делі жөн­деу жүргізіліп жатыр. Тамыз айында облыс орталы­ғында екі бірдей айтулы оқиға бол­мақ. «Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі» атты ха­лық­аралық фестиваль мен халықаралық ақ­ын­дар мүшайрасы екінші рет дүркіреп өтпек. Оның бас жүлдесі 1 миллион 200 мың теңге, барлығы алты миллионнан астам теңге  бөлін­ген. Сондай-ақ, қыркүйек айының алғашқы онкүн­дігінде Астанада Шығыс Қазақстан облысының мәдени күндері өтпек. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев таяуда өткен ақп­арат құралдары өкілдерінің мерекесінде осы жөнінде айта келіп, биыл аманшылық болса, Өс­­­ке­менде жаңа қазақ театры және мәдениет, өнер, спорт саласы қызметкерлері үшін жатақхана са­лынатынынан хабардар етті. Оңдасын ЕЛУБАЙ. Шығыс Қазақстан облысы.