• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
22 Шілде, 2011

Кандидаттар ұсынылып бітті

437 рет
көрсетілді

Осы жылғы 19 шілдеде Қазақ­стан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсыну аяқталды. Орта­лық сайлау комиссиясының мәлі­мет­тері бойынша, 2011 жылғы 16 маусым мен 19 шілде аралығында Парламент Сенатының депутат­ты­ғына барлығы 92 кандидат ұсынылды. Ең көп кандидаттар Қызыл­орда мен Жамбыл облыстарынан ұсынылған. Бұл облыстардың әр­қай­сына 9 кандидаттан келіп отыр. Солтүстік Қазақстан облысында 8 кандидат, Астана мен Алматы қа­лаларында 7 үміткерден ұсыныл­ған. Ал Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында – 6-дан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан және Қостанай облыс­тарында – 5-тен, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Маңғыстау және Павлодар облыстарында 4 үміткерден ұсынылды. Олардың ішінде мәс­лихаттар 15 кандидат ұсынған бол­са, қалған 77 азамат өзін-өзі ұсы­ну құқығын пайдаланған. Ұсы­нылған кандидаттар арасында 6 әйел бар. Ұсынылған үміткерлердің ма­мандықтарына келсек, 20 инженер, 12 экономист, 12 оқытушы, 9 заң­гер, 3 дәрігер, 1 саясаттанушы, 35 басқа мамандық иелері бар. Кан­ди­даттардың 9-ы Парламент Сена­тының депутаты, 40-ы мемлекеттік органдардың, ұйымдар­дың, кәсіп­орындар мен мекеме­лер­дің қыз­мет­керлері, 25-і кәсіп­керлік құры­лымдардың, 11-і ғы­лым, мәдениет пен білім қызмет­керлері, 2-еуі уа­қытша жұмыс істемейтіндер. Пар­тияға қатысты­лығы бойынша 45 кандидат – «Нұр Отан» ХДП-ның, төрт кандидат «Ақ Жол» ҚДП-ның, «Ауыл» ҚСДП-ның, Қазақ­станның патриоттар партиясының, «Руханият» партиясының мүше­лері, 26 кандидат партияда жоқтар, 17 кандидат өзінің партияға қаты­с­ты­лы­ғын көрсетпеген. 20 шілдедегі жағдай бойынша, Сенат депутаттығына 56 кандидат тіркелген. Тіркеу мерзімі 29 шілдеде аяқталады, ал 30 шілдеден бастап Сенат депутаттығына тіркелген барлық кандидаттар сай­лау­­алды үгіт жұмысына кірісе алады. Сенат депутаттығына канди­дат­тарды ұсыну 16 маусымда бас­талған болатын. 30 шілде мен 17 тамыз аралығында үгіт-насихат жұмыстары жүргізіледі. Үміткер­лер арасынан Сенатқа 16 депутат, атап айтқанда, республиканың 14 облысынан және Алматы мен Астана қалаларынан бір-бір депутаттан сайланады. Сайлау 19 тамызға белгіленген. 7 шілдеде Орталық сай­лау ко­миссиясы Парламент Се­натының депутаттығына кан­ди­даттардың рес­публикалық бюджет қаража­ты­нан жабылатын шы­ғыстары­ның нормативтерін бе­кіткен еді. Соған сәйкес канди­даттың әрқай­сысына 477 мың тең­ге бөлінетін болады. Оның ішінде канди­дат­тың телеарнадан сөз сөй­леуіне – 105 мың теңге, радио­эфирде сай­лауалды үгіт жүр­гізуге – 62 мың теңге, басы­лымда екі мақала жа­риялауға – 135 мың теңге, кан­ди­даттың сай­лаушы­лар­мен кездесуіне арнал­ған орынды жалдауға – 25 мың теңге, үгіт-насихат мате­риалдарына 50 мың теңге және көлік шығындарына 100 мың теңге қарастырылған. Сенат депутаттығына канди­дат­тардың сайлауалды үгіті кандидаттар құрған сайлау қоры есебінен де қаржыландырыла алады. Жалпы ереже бойынша, Сенат депутаттығына үміткер әрбір кан­дидаттың қоры 3 млн. 199 800 тең­геден аспауы тиіс. Ал 2011 жы­лы Сенат сайлауын өткізуге рес­публикалық бюджеттен 142 миллион теңге бөлініп отыр. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ.