2011 жылғы 25 шілдеде Орталық сайлау комиссиясы Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының ұсынымы негізінде Ақтөбе облысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттығына кандидаттарды ұсыну мен тіркеу мерзімін ұзарту туралы қаулы қабылдады, деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы.
Бұл қаулы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 71-бабы 7-тармағының ережесін орындау мақсатында қабылданды. Ережеге сәйкес егер кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған күні Сенаттың депутаттығына екіден кем кандидат тіркелген жағдайда Орталық сайлау комиссиясы тиісті аумақтық сайлау комиссиясының ұсынуы бойынша кандидаттарды ұсыну мерзімін жиырма күннен аспайтын мерзімге ұзартады. Ал 25 шілдедегі жағдай бойынша, Сенат депутаттығына барлығы 55 кандидат тіркелген.