Кеше Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Республикалық бюджеттік комиссияның жиырма алтыншы отырысын өткізді.
Отырыста мемлекеттік органдардың 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жобалар, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің 2012-2014 жылдарға арналған бюджеттік өтінімдері талқыланды.
Сонымен қатар, РБК мүшелері басымдық берілген бюджеттік инвестициялардың тізбесін және өкілетті органдардың қорытындыларын қарады.
«Егемен-ақпарат».