Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Норвегия королі Харальд V-ке адам шығынына әкелген қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтқан жеделхат жолдады.
Жеделхатта Президент Қазақстан халқы мен жеке өз атынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.