• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2011

Арзанның жілігі татымас

669 рет
көрсетілді

Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданының бір топ тұр­ғындарын белгісіз алаяқ жер қаптырып кетті. Алданғандардың көбі – зейнеткерлер. Алматылық жас жігіт «Эко пласт» ЖШС-на қарасты жалған филиал құрады. Іле-шала 50 пайыздық жеңілдікпен пластикалық терезе жасаймыз деген жарнама жариялайды. Сол-ақ екен, тап­сырыс берушілер қатары қалыңдап сала берді. Офис қыз­меткерлері тиісті құжаттарды тап-тұйнақтай дайындап, шытырлаған ақшаны «мекеме­нің директорына» өткізе береді. Арада санаулы күндер өткеннен кейін «арзан бағаға терезе алушылар» алаяқтардың қармағына түс­кендерін біліп, сан соғады. Жергілікті полицейлер 40-қа жуық адам­ның 1,5 миллион теңгесін қолды еткенін анықтаған. Қазір алаяқтың фотобейнесі жасалып, іздестірілу үстінде. Өмір ЕСҚАЛИ.