• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Шілде, 2011

«Өз елім» конкурсына қатысыңыздар

444 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 27 қаңтардағы №1144 «2011 жылды «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығы» деп жариялау туралы» Жарлығын орындау, сондай-ақ отандық суретшілерге қолдау көрсету, олардың жаңа шығармаларын ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі 1) кескіндеме; 2) мүсін; 3) графика; 4) сәндік-қолданбалы өнер номинациялары бойынша «Өз елім» конкурсы өткізілетінін хабарлайды. Конкурсқа кәсіби суретшілер бір немесе бірнеше номинация бо­йынша қатыса алады. Автор әр номинацияға бір ғана шығармасын ұсы­нады. Конкурсқа қатысушылардың жас шамасына шек қойылмайды. Конкурсқа кеткен шығынды қатысушылардың өздері көтереді. Ұсынылатын шығармалардың ресімделуіне қойылатын негізгі талаптар: 1) «Кескіндеме», «графика» номинациялары үшін – полотно өлшемі 90х60 см-ден кем болмауы тиіс, жұмыс арнайы қоршаулармен (багетпен, ағашпен) әшекейленуі керек, келесі бетінде автордың аты-жөні, суреттің атауы, салған жылы, өлшемі мен орындалу техникасы жазылып көрсетілуі қажет. 2) «Мүсін», «Сәндік-қолданбалы өнер» номинациялары бойынша жұмыстардың аңдатпасында шығарма авторы, өлшемі, атауы, салған жылы мен идеясының қысқаша сипаттамасы көрсетілуі тиіс. Қатысушылар конкурстың бірінші турында 2011 жылдың 20 қыркүйегіне дейін конкурсқа қатысу туралы өтінішті, төлқұжат немесе жеке куәлігінің көшірмесін және конкурсқа ұсынатын шығар­ма­ларының электронды JPEG форматындағы суреттерін ұйымдас­тырушы комитеттің электронды адресіне (ruxdk@mail.ru) жібереді. Бірінші турдан өткен шығармалардың түпнұсқалары 2011 жылдың 4 қазанына дейін мына мекенжайға тапсырылады: Қа­зақ­стан Республикасы, Алматы қ., Панфилов к-сі, 92, ҚР Суретшілер одағының көрме залы. Бүлінген жұмыстар конкурсқа қабылдан­байды, жұмыстар экспозицияға қоюға лайықты болуы шарт. Конкурсқа қатысатын шығармалармен бірге олардың электронды нұсқалары TIF форматында (1200*1600 DPI) арнайы каталог шығару үшін қоса тапсырылады. Конкурстың екінші турынан кейін үздік деп танылған жұмыстар Астана қаласындағы Президенттік мәдениет орталығындағы көрмеге қойылады және авторлар ақшалай сыйлықтармен, дипломдармен марапатталады. Түрлі номинация бойынша жеңімпаз атанған шығармалар  Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінің қорына сақтауға алынатын болады. Конкурс туралы толық ақпарат пен турлардың қорытындысы жөніндегі хабарлар Қазақстан Республикасы Мәдениет министр­лі­гінің (www.mki.gov.kz) және «Қазақстан халқының рухани даму қоры» АҚ (www.ruhdk.kz) ресми сайттарында жарияланады.