Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мирослав Биранек Астанада 10 тамыз күні Сирия құрамасымен өтетін жолдастық кездесуге шақырылған ойыншылардың тізімін атады.
Чех маманы бұл ойынға мына футболшылардың шақырылғанын айтты.
Қақпашылар: Владимир Логиновский («Жетісу»), Антон Цирин («Ертіс»), Роман Нестеренко («Ордабасы»).
Қорғаушылар: Самат Смақов, Юрий Логвиненко (екеуі де – «Ақтөбе»), Марк Гурман, Михаил Рожков, Қайрат Нұрдәулетов (бәрі – «Астана»), Александр Киров («Шахтер»), Мұхтар Мұхтаров («Ордабасы»).
Жартылай қорғаушылар: Марат Хайрулин («Ақтөбе»), Серікжан Мұжықов («Жетісу»), Марат Шахметов («Астана»), Ұлан Қонысбаев, Мақсат Байжанов, Жамбыл Көкеев (бәрі – «Шахтер»).
Шабуылшылар: Сергей Остапенко («Жетісу»), Таңат Нүсербаев («Астана»), Дәуренбек Тәжінбетов («Ордабасы»), Сергей Гридин («Тобыл»), Сергей Хижниченко («Шахтер»).
Жолдастық кездесуге дайындық 3 тамыз күні басталды.