19 ақпанда Абай облысы Омбы – Майқапшағай тасжолында жол апаты болып, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицияның мәліметінше, сағат 15:25-те «102» арнасына жол-көлік оқиғасы туралы хабарлама түскен. Алдын ала деректер бойынша, республикалық маңызы бар тасжолдың 867-шақырымында, Салқын-Төбе ауылы маңында Lada Priora және Chevrolet Cobalt көліктері бетпе-бет соқтығысқан.
Жол апаты салдарынан төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Тағы үш адам түрлі дене жарақаттарын алып, медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Айта кетейік, Алматы облысында бес көліктің қатысуымен жаппай жол апаты болған еді.