• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
03 Тамыз, 2011

Елбасы Алматы метросымен жүріп өтті

358 рет
көрсетілді

Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласында салынып жатқан метро құры­лы­сы нысанында болып, тасы­мал қызметінің іске қосылу шара­сына қатысты. «Абай» және «Жібек жолы» станса­ла­ры ара­­лығындағы бағытты жүріп өткен Президент еліміздегі тұң­ғыш метро қызметінің алғаш­қы желісінің қосылар мезгіліне, қызмет көрсету са­па­сы мен азаматтардың қауіп­сіздік ша­расы секілді бірқатар мәсе­ле­лерге назар аударды. Осы жылдың шілде айында Алматы метросының алғашқы бағытына қатынайтын желіге темір жол рельстері төселген бо­ла­тын. Президент Абай мен Төле­ба­ев көшелерін қиып өтетін «Абай» стансасынан Гоголь мен Фурманов көшелерін қиып өтетін «Жібек жолы» стансасына дейінгі аралықты метро вагонында жү­ріп өтті. Сапар аяқталғаннан кейінгі журналистермен болған әң­гі­ме барысында Мемлекет бас­шы­сы Алматы қаласы тәуелсізді­гі­міз­дің алтын бесігі екендігін айта келіп: – Барлық істердің қайнар көзі осында, егемен Қазақстанның та­рихы еліміздің осы нүктесінен бас­тау алады. Тәуелсіздігіміздің ме­рейтойына барша еліміз дай­ын­далуда. Қазақстанның ырғақ­ты экономикалық өсімі қайта түледі, еліміздің барлық өңірінде құрылыстар қызу жүргізілуде және дамып келеді. Біз қоғамда бейбітшілік пен келісімді ны­ғайт­тық, азаматтарымыздың әл-ауқаты артты, – деді. Одан әрі Елбасы Тәуелсіз­дігіміздің 20 жылын Алматы жақ­сы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен қарсы алып отырғандығына назар ауда­рып, Алатау баурайындағы қала­ға қатысты біршама деректерге тоқтала кетті. – Он жыл ішінде – 2001 және 2010 жылдары Алматының жал­пы өңірлік өнімі номиналды түр­де 8 есеге артты, – деді Нұрсұл­тан Әбішұлы. – Өнеркәсіп өнімі­нің көлемі нақты түрде осы жыл­дар ішінде 3,6 есеге ұлғайды. Со­ның ішінде, ерекше маңызды бо­лып табылатын өнеркәсіп өнімін өң­деу сондайлық көрсеткішке өс­ті. 2001-2010 жылдары мемлекеттік бюджетке Алматыдан түскен тү­сім көлемі кемінде 6 есеге кө­бей­іп, 127 миллиард теңгеден 757 мил­лиард теңгеге дейін артты. Қала маңызды саналатын мемлекеттік үдемелі индстуриялық-ин­н­о­вациялық даму бағдарлама­сын іске асыруға белсенділікпен қо­сыл­ды. Алматыда 2010-2014 жыл­­­­да­ры осы бағдарламаға 16 жоба енгізілген. Оның ішінде 4 жоба 2010 жылы іске асты. Биылғы жылдың бірінші жартыжылды­ғын­да 3 кәсіпорын іске қосылды, 2011 жылғы екінші жартыжыл­дықта тағы 3 жоба іске қосыла­тын болады. Нәтижесінде тек 2011 жылғы бірінші жартыжыл­дықта қалада құны 205 миллиард теңгеден астам өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл 2010 жылдың тиісті кезеңінен 21,5 пайызға көп. Осы ретте Алматының рес­публикалық көлемдегі үлесі бү­гінде 2,7 пайызды құрайды. Би­ылғы жылы Алматы қаласы­ның бюджеті 246 миллиард тең­геден астам қаражатты құрады. Алма­тылықтардың орташа айлық но­миналды еңбекақысы шамамен 120 мың теңгені құрап, өткен жыл­дың осы кезеңіне қарағанда 7 пайызға артқан. Бұл қала бар­лық сала бойынша ырғақты да­м­уын жалғастыруда. Бүгінгі Алма­ты бұдан 20 жыл бұрынғы қала­мен салыстырғанда, сапасы мүл­дем өзгерген қала, – деп атап өтті Н.Назарбаев. Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы Қазақстан азаматтарын қа­сиетті Рамазан айының баста­луы­мен құттықтап, барша қазақ­стандықтарға бейбітшілік пен келісім, әрбір отбасына құт-береке тіледі. Рельстерді салғанда олар жа­ңа әдіспен монолиттік темір-бетон негізге қойылды. Жолдың үстіңгі қабаты – бүтін темір-бетон болып табылады. Ол жол қоз­ға­лысының қауіпсіздігін қам­та­ма­сыз етіп, жолды пайдалану мер­зімін ұзартады. Аталған технология қазір тек Батыс Еуропаның жекелеген мемлекеттерінде қол­да­нылады, ал ТМД аумағында тек Алматы метрополитенінде тұң­ғыш рет қолданылып отыр, – деп Елбасын құрылыс ісімен та­ныс­тырып өтті «Метрополитен» МКК директоры М.Өкшебаев. Алматы метрополитенінің ал­ғашқы кезегін биыл желтоқсанда, Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жыл­дығына орай тапсыру көзделіп отыр. Бірінші желінің құрамына жалпы ұзындығы 8,56 км. бо­латын 7 станса кіреді. Еске салсақ, Алматы метросы­ның құрылысы 1988 жылы КСРО салалық министрліктерінің бас­шы­лы­ғымен басталып, республи­калық бюджет есебінен қаржы­ландырылды. КСРО-ның күйреуі метро құ­ры­лысын тежеп, қазылып қойған жер­асты жолдарының қазандық­тары қайта көмуге келмейтіндей күйде еді. Қаржы тапшылығынан метроның жекелеген нысандары ұзақ жылға тоқтатылып, кезең-кезеңмен қаржы салуды талап ететін күрделі жүйеге айналып келді. Бұған дейінгі жүргізілген жұ­мыс­тар тек метро құбырын­да­ғы қауіп­сіздікті сақтап тұрумен ғана шектелді. 2005 жылы Президент Нұр­сұлтан Назарбаев «Ал­ма­тыны 2010 жылға дейін дамыту бағдар­ла­ма­сын» бекітті. Оның іш­інде метро құрылысы басым инвести­ция­лық жобалар қатарын­да болды. Осы кезден бастап метро құры­лы­сы қайта қаржы­лан­ды­рылып, бар­лық құрылыс-мон­таж жұмыстары­ның 70%-дайы ор­ындалды. Соны­мен қа­тар қаланы дамытудың бас жос­парына сәйкес метрополитен құ­ры­лысын аяқтау және пайда­ла­нуға беруді үш желі бойынша кезең-кезеңмен іске асы­ру жоспар­ланған. Қазіргі уа­қытта метропо­литеннің бірінші желісі бірінші кезегінің құ­рылы­сы аяқталды. Райымбек даң­ғы­­лын­да орналасқан метро Фурманов көшесі бойымен Абай даң­ғылына дейін, одан әрі бұрылыс жасап, батыс бағыттағы Гагарин даңғылына дейін бағыт алады. Бірінші кезеңнің ұзақтығы қос жол­табанға есептелінген 8,56 шақы­рымды құрайды және оған «Рай­ымбек батыр», «Жібек жо­лы», «Алмалы», «Абай», Байқо­ңыр», «М.Әуезов атындағы театр» және «Алатау» деп аталатын жеті станса қосылады. Алматы метрополитенін жобалау кезінде қаланың тау-геологиялық жағ­дайы, сейсмика­лық және геогра­фиялық орналасуы қатаң есепке алынған. Жобаның жалпы ұзақ­ты­ғы жер­асты тауы ар­қылы 21,74 шақы­рым­ды құрайды. Қанат ЕСКЕНДІР, Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.