• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2011

«Балдәурен» кешенінің келешегі кемел

411 рет
көрсетілді

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында Білім және ғылым министрі Бақыт­жан Жұмағұловтың қатысуымен көшпелі кеңес өтті. Кеңесте сөз болған негізгі мәселе балалар­дың маусым демалысы жайы болды. Жиында ағымдағы жылы еліміз бойынша 1,1 млн. 1-10 сынып оқушыларының қала сыртын­да­ғы 220, 5 406 мектепалды және тамақтандыратын 961 профилдік лагерьлерде, 74 санаторий типтегі, 330 дебаттық, 930 спорттық және палаталық лагерьлерде демалғаны айтылды. Бұған қоса жо­ғары сынып оқушыларын еңбекпен қамту мақ­са­тында 12,5 мың мектеп бригадалары жұмыс істеген болса, оның ішінде сәулеттендіру, жөндеу бри­гадалары, отбасылық-жалдау, оқу-өндірістік жазғы еңбек бригадалары, мектеп орман шаруа­шылықтары және т.б. бар. Жиында балаларды сауықтыру мәселесімен айналысатын мекеменің моделін құру қажеттілігі туралы баса айтылды. «Орленок» (Ресей), «Камчия» (Болгария), «Зубренок» (Украина) сияқты сау­ықтыру орталықтарымен ынтымақтастық тә­жі­рибесі бар «Балдәуреннің» бұл орайда көш­бас­шы болуына толық мүмкіндігі бар десек, оның халықаралық деңгейге шығуына мүмкіндік беретін жағдайдың бәрі жасалған деуге болады. Кеңестен кейін министр «Балдәурен» респуб­ликалық оқу-сауықтыру орталығының ұжымы­мен танысып, кітапханада, білім беретін кешенде, тұрғын корпусында, өнер галереясында, жүзу бассейнінде болып, аралап көрді. Министр осы күндері «Балдәуренде» ашыл­ған Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына ар­нал­ған Ұлттар мәдениеттері республикалық фес­ти­валінің жас қатысушыларымен жүздесті. Ол жас жеткіншектерге Президент Н.Ә. Назар­ба­ев­тың балалардың бақытты және сенімді болып өсуле­ріне көрсетіп отырған қамқорлығы туралы айтты. Елбасының қолдауымен құрылған осы ға­жайып лагерь соның дәлелі екенін тілге тиек етті. Қазір «Балдәуренде» 10-шы ауысым демалуда. Бұл ауысым көп ұлтты болып келуіне орай «Достықтың алтын көпірі» деп аталған екен. Өйт­кені, жыл сайын бұл  ауысымда Қазақстан Рес­публикасында тұратын аз халықтар мен ұлт­тық мәдени орталықтардың өкілдері, сонымен бір­ге Ұлыбритания, Германия, Қытай, Моңғолия, Ресей сияқты елдерден келген балалар демалады. «Егемен-ақпарат».