• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2011

Жаңа...

320 рет
көрсетілді

...әкім тағайындалды Ақтөбе қалалық мәсли­ха­ты­ның келісімімен Нұрмұ­хам­бет Әбдібеков Ақтөбе қала­сы­ның әкімі қызметіне кірісті. Мәс­кеу тау-кен институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген ол еңбек жолын 1984 жылы Шилісай фосфорит кенішінде бастады. Әр жылдары Ақтөбе облыс­тық өнеркәсіп және сауда бас­қармасының бөлім бастығы, облыстық экономика басқар­ма­сының бастығы, облыстық экономика және индикативті жоспарлау департаментінің ди­­рек­торы, Атырау облыстық эко­номика және кәсіпкерлікті қолдау бас басқармасының бас­тығы, Ақтөбе облысы әкі­мі­нің орынбасары, Ұлттық ға­рыш агенттігі департамен­ті­нің директоры, Индустрия жә­не сауда министрлігі өнеркә­сіп комитетінің төрағасы, 2010 жыл­дың сәуірінен Индустрия жә­не жаңа технологиялар вице-министрі болып істеген. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.   ...орынбасар қызметке кірісті Облыс әкімінің әлеуметтік мәселелерге басшылық жа­сай­тын орынбасарының ор­ын­тағы бір айға жуық бос тұрды. Бұрын бұл қызметті атқарған Серік Аманғалиев басқа қыз­метке ауысқан еді. Сонан кейін жұртшылық арасында бұл орынға тағайындалуы мүмкін бірнеше адамның аты-жөні аталып қалды. Дегенмен, өт­кен аптада әкімнің жаңа ор­ынбасары лауазымына Асқар Керімовтің тағайындалғаны жө­­нінде өңір басшысының өкі­мі жария етілді. Өңір ба­сшысы А.Керімовті облыстық әкімдік аппаратына, басқар­ма­лар бас­шы­ларына таныстырды. Отыз бір жастағы жігіт осы кезге дейін облыстық әкім­­дік аппаратына екі жыл­дай бас­шы­лық жасады. Оның алдын­да облыстық жұмыспен қамту­ды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқар­ма­сының бастығы лауазы­мын­да болған еді. Заңгер ма­мандығын мең­гер­ген А.Керімов прокуратура саласында да тәжірибе жи­нақтаған. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, Атырау облысы.   ...макарон фабрикасы Семейде еліміздің ин­дус­трияландыру картасымен бү­гінгі күннің озық техно­ло­гия­сымен жабдықталған «Тамаша» деп аталатын макарон фаб­рикасының қатарға қосыл­ғанына көп уақыт өткен жоқ. Тәулігіне 20 тонна макарон өн­імдерін шығаратын жаңа кәсіпорын бүгінде толық қуа­тында жұмыс істеп тұр. Мұн­да 50 адам жұмыспен қамта­ма­сыз етілген. Ендігі мәселе өнімді өтке­ру­ге келіп тірелуде. Сондық­тан еліміздің күш құрылым­дары арзан да сапалы өнімге тапсырыс беріп жатса, кәнеки. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, Семей.