• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
04 Тамыз, 2011

Бұл жерде мыналар бар, мыналар жоқ

419 рет
көрсетілді

Жақында  өңір тізгінін ұстаған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жағдаймен таны­суға уақыт оздырып жатпай-ақ, бірден іске кірісіп кетті. Өзінің алғашқы жұмыс сапарын Темір ауда­ны­ның Кеңқияқ, Саркөл және Шұбарши ауыл­дары­нан бастады. Ол осы елді мекендердегі әлеу­мет­тік-мәдени мекемелерді аралап көрді, атқарылып жатқан жұ­мыс­тармен танысты, шешімін күткен мәсе­лелерді бағамдады және халықпен кездесті. Мақсат – ақын С.Торайғыровтың өлеңіндегі: «Біздерде мынадай бар, мынадай жоқ», – дегендей, алыстағы ауылда ненің жеткілікті, ненің жеткіліксіз екенін көзбен көру. Өңір басшысы алдымен Кеңқияқ кенттік полиция бөлімшесінің жаңа ғимаратында болды. Бұрын құрылыс мекемесінің кеңсесі болған екі қабатты ғимаратқа 10 миллион теңгеге күрделі жөн­деу жүргізілген. Ғимарат дербес жылу қа­зан­дығымен жылытылады, су құбыры тар­тыл­ған. Күр­делі жөндеу жұмысының сапасына кө­ңі­лі тол­ған Архимед Бегежанұлы қажетті құрал-жаб­дық­тармен, жиһазбен жабдықтауға аудан әкімдігі көмектесетінін жеткізді. Күрделі жөн­деу­ден өткен ғимараттың байғазысы ретінде кенттік полиция бөлімшесіне су жаңа жеңіл авто­көлік тапсырды. Полиция қызметкерлеріне ауыл тұрғындарының өмірінің қауіпсіздігін қам­тамасыз етуге жауапкершілік жүктеді. Облыс басшысының Кеңқияқ кенттік клу­бын­­да ауыл тұрғындарымен, осы аумақта жұ­мыс істеп жатқан ірі кәсіпорындар басшы­лары­мен кез­десуінде Темір ауданының әкімі Бауыр­жан Қаниев ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысы және алда атқа­рылатын шаруалар ту­ралы хабарлама жаса­ды. Оның айтуынша, қа­зір Кең­қияқ­та ауыз су құбырына күрделі жөндеу жұ­мыс­тары жүргізілуде, оған 116 миллион теңге бөлін­ген. Сондай-ақ бұған дейін Шұбарши кент­тік округіне қарап келген Кеңқияқта өз алдына дербес ауылдық округ ашу мәселесі де шешімін тап­пақ. Кеңқияқ кентіндегі «Сазды-2» шағын ауда­ны­на су, газ, кәріз құбырларын жүр­гізу де қолға алыныпты. Шұбарши ауы­лы­ның бес көшесінің жолына қатты жамылғы төсеу де биыл аяқта­лады. Қопа және Құмсай ауыл­дарын­да дәрігерлік амбулатория құры­лыс­тарын аяқ­тап, тиісті мамандармен және құрал-жаб­дықт­ар­мен қамтамасыз етуге әрқай­сы­сына 15 миллион теңге қаржы бөлінген. Аудан әкімі шілде айының басында Шұ­бар­ши ауылында орын алған қайғылы оқиға кезінде полиция қызметкерлерін өлтірген­дер­­ді қолға түсіру операциясы барысында зар­­дап шеккен ауыл тұрғын­дарына көмек ұйымдастырылып жат­қаны­н мәлім етті. Сол кез­де баспа­насынан айрылған Нұрлан Үр­генішбаевқа 2,8 миллион теңгеге тұрғын үй са­тып әперілген. Қандай да шығынға ұшы­ра­ған отбасы­ларына өтем жаса­ла­тын болды. Ол сон­дай-ақ осы оқиғаға бай­ла­ныс­ты құ­ра­­мын­­да дәрігер, заңгер, психолог және бас­қа ма­мандар бар үгіт бригадасы жұмыс істеп жат­қанын, болашақта осы өңірден шық­­қан бел­гілі өнер адамдарымен, ғалым­дар­мен, қо­ғам қайраткерлерімен кездесулер өт­кі­зіп, жас­­­тармен тәрбиелік-тағылымдық ша­ралар­ды же­тілдіре түсу көзделіп отыр­ғанын жеткізді. Өз кезегінде сөз алған облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ауданда өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 105,4 пайызды, ауыл шаруашы­лы­ғында бұл көрсеткіш 105,3 пайызды құра­ға­нын, төрт түлік малдың өскенін тілге тиек ете келіп, өңірде бірігіп атқарылар істер, ор­тақ ойласып шешер мәселелер бар екенін айтты. – Тұрғындар тарапынан айтылатын өті­ніш-тілектер маған белгілі. Ең алдымен, ауыз су мәселесі. Ауыз су құбырын жаңарту жұ­мыстары үстіміздегі жылдың бірінші жел­тоқ­санына дейін аяқталуы керек. Шұбар­ши ауылында жолдарды жөн­деуге 30 миллион теңге көлемінде қаржы бө­лі­ніп отыр, бұл да уақытылы аяқталуы тиіс. Жас­тар арасын­дағы жұмыссыздық мәселесін ше­шу керек. Жастар жағы жұмысқа көбіне вах­талық әдіспен орналасады. Он бес күн жұ­мыс­тан кейінгі демалыста олар немен айналысады? Жергілікті билік, қарапайым тұрғындар, ардагерлер кеңесі, жастар ұйым­дары осыған көңіл бөлуі қажет. Спорттық нысандар ашу, ұлттық спорт түрлерін дамыту керек, – деді Архимед Бегежанұлы. Облыс әкімі шілде айының басында Шұ­бар­ши ауылында орын алған қайғылы оқи­ғаны сан-саққа жүгіртпеу керектігін, қазір тергеу жұмыс­тары жүргізіліп жат­қанын, тиісті орындар бұл оқиғаға не себеп болғанын нақты анықтағанша, түрлі болжамдар айту­дың артықтығын алға тарт­ты. Ол жергілікті іскер азаматтар мен кәсіп­орындар басшы­ла­рын осы оқиға салдары­нан зардап шеккен адамдарға көмек көр­сетуге шақырды. Жиыннан кейін облыс әкімі Архимед Мұ­­­хам­бетов құқық қорғау органдары қыз­мет­­кер­лері үшін тұрғын үй ретінде қайта жа­рақ­тан­дырылған кенттік полиция бө­лім­ше­сі­нің бұ­рынғы ғимаратын көрді. Ауыл­да­ғы халыққа қызмет көрсету орта­лығында жә­не спорт залда болды. 198 жер учаскесі бө­лі­ніп, тұрғын үй­лер салынып жатқан «Саз­ды-2» шағын ау­данымен танысты. Облыс әкімі осы мөлтек ауданға газ құбырын жүр­гі­зу үшін 50 миллион теңге бөлінгенінен хабардар етті. Облыс әкімі Саркөл ауылындағы орта мектеп пен «Алақай» балабақшасын аралап көр­ді. «Алақай» балабақшасы 2009 жылы пай­да­лануға беріліпті. Мұнда 25 бүл­діршін тәр­бие­леніп жатыр. Ал Шұбар­ши ауылында облыс басшысы алдымен мектепке барды. Шұбарши орта мектебінде 895 бала оқиды. 1989 жылы салынған мектеп тар­лық етуде. Әкім Кеңқияқта салу жоспар­ланып отырған 600 орындық мектепті осы Шұбаршиде салуға уәде берді, ал 300 орын­дық мектеп Кеңқияқта салынатын болды. 1968 жылы салынған Шұбаршидегі мәде­ниет үйі пайдалануға жарамсыз екен. Енді мұн­да жергілікті бюджет есебінен 150 орындық клуб бой көтеретін болды. Архимед Мұхам­бетов құрылыс жұмыстарымен танысты. Өңір бас­шысы осы жерде ауыл тұрғындарымен жүз­десіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдады. – Ауылдарда атқарылып жатқан шаруалар аз емес. Дегенмен шешімін күткен мәсе­лелер де бар. Сол істерді жүзеге асыруда мен сіздерден үлкен қолдау күте­мін. Бәріміз ынтымақ-бірлікпен жұмыла кіріскенде ғана үлкен жетістіктерге жете аламыз, – деді ол. Архимед Бегежанұлы жұртшылықпен жүз­десуде өзіне өтініш-тілек білдіруге ниет еткен қарапайым адамдардың әрқайсысына жазбаша түрде жауап берілетінін жеткізді. Аталған құры­лыстар пайдалануға берілгенде осы елді мекенде 80-ге жуық жұмыс ор­ны ашылатынын мәлім етті. Ең бастысы жас­тарды жұмыспен қамтуға бағыт ұстала­ты­нын айтты. Халықпен кездесуден соң облыс әкімі Шұбарши ауылдық мешітіне ба­рып, мешіттің жаңа имамы Нұр­мұхам­мед Бижановпен жүздесті. Облыс басшысы имамға алда Рамазан айында тұрғындармен жұмысты белсенді жүргізуді тапсырды. Осындағы кәсіп­орын­дар басшы­лары­мен, сыйлы қария­лармен бірлесіп қайырым­ды­лық бағытта белсенді жұ­мыстар жүргізу қажеттігін қадап айтты. Ол жаңа имамға жұмысында сәттілік тілеп, автокөлік кілтін табыс етті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.