• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
05 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының қаулысы № 21

311 рет
көрсетілді

2011 жылғы 28 ақпан, Алматы қаласы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 44 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Банк конгломераттарының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы қаулы етеді: 1. Агенттік Басқармасының «Банк конгломераттарына арналған пруденциалдық нормативтерді есептеу әдістемелері мен нормативтік мәнін, сондай-ақ олардың орындалуы туралы есеп берудің нысандары мен мерзімін белгілеу туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 44 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4148 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 2-тармақтың бірінші бөлігінің екінші абзацында: «;» деген тыныс белгісі «.» деген тыныс белгісіне ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Банк конгломератының пруденциалдық нормативтерінің есептеуіне банк конгломератының бас ұйымы және инвестициялар банк конгломераты қатысушыларының меншікті қаражаты есебінен берілген банк конгломератының қатысушылары туралы мәліметтер енгізіледі;». 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және оның қолданысы 2010 жылғы 1 наурыздан бастап туындаған қатынастарға таралады.                                                                                                                                               Төрайым Е.БАХМУТОВА. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 11 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6880 болып енгізілді.