• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
09 Тамыз, 2011

Велошабандоздар жолға шықты

421 рет
көрсетілді

Газетіміздің жұма күнгі са­нын­да норвегиялық «Bike for Peace» (Бейбітшілік үшін велосипед жүргіз) қоғамдық ұйымы­ның ұйымдастыруымен «Семей – Алматы – Астана» бағытымен алғашқы веложорық жоспарла­нып отырғаны туралы хабар жа­рық көрген еді. Елбасы Жарлы­ғы­мен Семей атом полигонының жабылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл ша­раға қатысушы велошабандоздар Семейден сенбі күні жал­пы қашықтығы 2 мыңнан астам са­парға аттанып та кетті. Осы оқиғаға байланысты Семейдің Абай алаңында қала жұртшылығы көптеп қатысқан салтанатты митинг өткізілді. Онда қала әкімі Айбек Кәрімов бірінші болып сөз алып, еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бергі жердегі жаңа тұрпатты мемлеке­ті­міздің басшысы Нұрсұлтан На­за­рбаевтың жер бетінде бейбітшілікті нығайту жөніндегі тың бастамалары әлемдік қауымдас­тық тарапынан зор қолдау тауып келе жатқанына тоқтала келіп, оның бір көрінісі бүгінгі шара екендігін айтып, жорыққа қаты­су­шыларға сәт сапар тіледі. Ақын ескерткіші қасында өт­кен жиында, сондай-ақ жо­ғары­да аталған норвегиялық қоғам­дық ұйымның  жетекшісі Торе Наер­ландға сөз берілді. Ол отыз жыл­дан астам тарихы бар веложорық туралы әңгіме  қозғады. Ізгі ниетпен алыс жолға шық­қан велошабандоздарға қа­ла­лық соғыс және еңбек арда­герлерінің төрағасы Рафик Хасенов игі тілектестігін білдіріп, ақ батасын берді. Митингіде қала әкімі тара­пынан ел газеті «Еге­меннің» «Ұлылыққа тағзым» атты дәс­түр­лі акциясы туралы да айтыл­май қалмаған. Өйткені, биылғы жыл­дың мамыр айында осы тұрақты акцияның бір топ өкілдері ядролық сынақ айма­ғының нақ эпицентріндегі Саржал – Қайнар бағытымен жүріп өткен едік. Соған орай бізге де сөз берілгенде осындай игі шараның басқаша мазмұнда және халықаралық дең­гейде өтіп жат­қанына риза­шылығымызды білдірдік. Велошабандоздар сапар ба­рысында Алматы мен Аста­наны айтпағанда еліміздің бес облы­сының тұрғындарымен жүздесіп, әлемдегі ең құнды мәселе бейбітшілік туралы ой бөлісетін болады.  Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ,  Семей.