• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №549

344 рет
көрсетілді

2011 жылғы 20 мамыр,   Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы №1229 және 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) «Тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республи­касы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1229 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Тауарлар импор­тын қосылған құн салығынан босату ережесінде: 3-тармақтың 1) тармақшасындағы «құжаттар және» деген сөздер «құжаттар және/немесе» деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларының екінші абзацындағы «құжаттар және» деген сөздер «құжаттар және/немесе» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың екінші бөлігінде: екінші абзацтағы «медициналық техника» деген сөздердің алдынан «дәрілік зат,» деген сөздермен толықтырылсын; төртінші абзацта: «өндіру» деген сөз «өндіруге» деген сөзбен, «өт­кізу құқығына» деген сөздер «өткізуге» деген сөзбен ауыстырылсын; «заттарды» деген сөзден кейін «, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы» деген сөздермен толықтырылсын; 2) «Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесін бекіту және Қазақ­стан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 желтоқ­сандағы № 1229 және 2009 жылғы 26 қаңтар­дағы № 56 қаулыларына өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 тамыздағы № 824 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 49,444-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Кеден одағында тауарлар импортын қосылған құн салығынан босату ережесінде: 4-тармақтың 1) тармақшасындағы және 5-тар­мақтың 1) және 2) тармақшаларының екінші абза­цын­дағы «құжаттар және» деген сөздер «құжаттар және/немесе» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақта: бірінші бөлігінің 2) тармақшасында: бірінші абзац «пайдалану үшін» деген сөздерден кейін «сатушы мен сатып алушы арасындағы келісім­шартқа» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықты­рылсын: «бұл ретте, егер келісімшартта осындай тауардың бірнеше жеткізілімі ескерілсе, онда Сыртқы экономи­калық қызметтің тауарлық номенклатурасының коды бойынша қорытындының түпнұсқасы тек бірінші жеткізу бойынша ұсынылады, ал кейінгі жеткізулер бойынша осындай қорытындының көшірмесі ұсынылады.»; екінші бөлігінің үшінші абзацындағы «медици­налық техника» деген сөздердің алдынан «дәрілік зат,» деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ.