• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 19 Ақпан, 2026

Синоптиктер бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады

30 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» 19 ақпан күні бірқатар өңірде дауыл болатынын ескертеді. Ал Астанада ауа температурасы түнде және күндіз күрт төмендеп, 11-13 градус аяз болады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында түнде және күндіз ауа температурасы 10-15 градусқа дейін төмендейді, облыстың батысы мен солтүстігінде 20 градус аяз күтіледі.

Ақтөбе облысында түнде аяз 12-17 градусқа дейін жетеді, ал облыстың оңтүстігінде 7 градусқа дейін күн суытады.

Қостанай облысында түнде 15-20 градус аяз, солтүстік-шығысында 23 градус аяз, күндіз 12-17 градус аяз, ал солтүстік-шығысында 20 градус аяз күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз 15-20 градус аяз, облыстың солтүстігінде 23 градус аяз болады.

Павлодар облысында түнде және күндіз 8-13 градус аяз, батысы мен солтүстігінде 16 градус аяз күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен батысында күндіз қар аралас жауын-шашын, бұрқасын, тұман және көктайғақ болады. Шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Жетісу облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ұлытау облысында жауын-шашын, солтүстігі мен шығысында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын, тұман және көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысында ауа температурасы түнде және күндіз 3-8 градус шамасында жылиды. Облыстың солтүстігі мен таулы аудандарында 2 градус аяз күтіледі.

Қарағанды облысының солтүстігінде түнде қар аралас жаңбыр жауып, бұрқасын соғады. Ал күндіз қар және боран күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), солтүстігі мен шығысында қалың қар күтіледі. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында тұман күтіледі. Жел екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді.

Түркістан облысының солтүстігінде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Батыс, солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарында тұман түседі. Таулы асуларда желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін жетеді.

Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде түнде және күндіз қар аралас жаңбыр, боран, көктайғақ және кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Абай облысының батысында, солтүстігінде және орталығында қар аралас жаңбыр жауып, боран, көктайғақ болады. Жел екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с дейін жетуі мүмкін.

Алматы облысының оңтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде түнде және таңертең көктайғақ болады. Облыстың орталығы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елдің бірнеше жолы жабылды

Соңғы жаңалықтар