• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
10 Тамыз, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №625

313 рет
көрсетілді

2011 жылғы 3 маусым,     Астана, Үкімет үйі Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 59) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі  К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 3 маусымдағы №625 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсетілетін адамдардың тізбесі 1. Президент 2. Премьер-Министр 3. Парламент Сенатының Төрағасы 4. Парламент Мәжілісінің Төрағасы 5. Мемлекеттік хатшы 6. Президент Әкімшілігінің Басшысы 7. Конституциялық Кеңестің Төрағасы 8. Жоғарғы Соттың Төрағасы 9. Ұлттық Банк төрағасы 10.Орталық сайлау комиссиясының төрағасы 11. Премьер-Министрдің орынбасарлары 12. Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы 13. Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары 14. Жоғарғы Сот Кеңесінің төрағасы 15. Бас прокурор 16. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы 17. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы 18. Сенат Төрағасының орынбасары 19. Мәжіліс Төрағасының орынбасары 20. Президенттің Іс басқарушысы 21. Президенттің көмекшілері 22. Президент Кеңсесінің басшысы 23. Президенттің кеңесшілері 24. Президентке бағынысты және есеп беретін агенттіктердің басшылары 25. Министрлер 26. Президенттің Күзет қызметінің бастығы 27. Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сырт­қы барлау қызметінің директоры 28. Республикалық ұланның қолбасшысы 29. Астананың, Алматы қаласының және облыс­тар­дың әкімдері 30. Парламент Сенаты және Мәжілісі комитет­терінің төрағалары 31. Парламент депутаттары 32. Төтенше және Өкілетті Елшілер 33. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы 34. Қазақстан Республикасындағы Адам құқық­тары жөніндегі уәкіл 35. Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімше­лерінің жетекшілері 36. .Қазақстан мұсылмандары діни басқарма­сы­ның Бас мүфтиі және Астана мен Алматы архиепископы 37. Үкімет құрамына кірмейтін орталық атқару­шы органдардың басшылары 38. Ұлттық компаниялардың басшылары 39. Конституциялық Кеңестің мүшелері 40. Парламент палаталары, Конституциялық Кеңес және Жоғарғы Сот аппараттарының жетекшілері 41. Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының орынбасарлары 42. Мемлекеттік органдардың жауапты хатшы­лары, министрлердің орынбасарлары және төр­ағалары, Орталық сайлау комиссиясының және Рес­публикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөнін­дегі есеп комитетінің мүшелері 43. Қазақстандық саяси партиялардың жетекшілері 44. Қазақстан Республикасының Президенті отбасының мүшелері 45. Қазақстан Республикасы Президентінің жеке қонақтары 46.Қазақстан Республикасының Президенті, Премьер-Министрі, Парламенті Сенатының және Мә­жілісінің төрағалары, Мемлекеттік хатшысы, Премьер-Министрінің орынбасалары, Парламенті Сенаты және Мәжілісі төрағаларының орынба­сарлары, Сыртқы істер министрі және Үкіметінің өзге де мүшелері басшылық ететін Қазақстан Республикасы делегацияларының мүшелері 47. Шет мемлекеттердің Қазақстан Республи­касына сапармен немесе жолай келетін делега­цияларының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі айқындайтын басшылары мен мүшелері 48. Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкіл­діктері мен консулдық мекемелерінің басшылары Ескертпе:* – қорғау іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының әуежайларындағы арнайы бөлінген залдарда қызмет көрсету Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің Күзет қызметімен келісім бойынша, ал Астана және Алматы қалаларының әуежайларында қосымша Қазақстан Республикасы Президентінің Протоколымен келісім бойынша жүргізіледі.