Ағымдағы жылғы қыркүйек айының ортасында өтетін «Орталық–2011» халықаралық стратегиялық жаттығулары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумақтық суларына Ресей Федерациясы Әскери-теңіз флоты Каспий флотилиясының «ГС-202» гидрографикалық кемесі жіберілді.
Ресейлік «ГС-202» Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің «Жайық» гидрографикалық кемесімен бірлесіп, жаттығу өтетін ауданда гидрографикалық зерттеулер жүргізетін болады.
Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери ынтымақтастықтың стратегиялық бағытын ескергенде, екі ел қарулы күштерінің бірлесіп өткізетін оқу-жаттығулары маңызды болып табылады. Бұл жаттығулар аймақтық қауіпсіздік пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастық және терроризм мен экстремизмге қарсы күресті бекіте түседі.
Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің қызметкері.