• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
16 Тамыз, 2011

Даярлық мәселесіне арналған кеңес

327 рет
көрсетілді

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұр­сұл­тан Назарбаевтың төрағалы­ғы­мен Қазақстан Республикасы Тәуел­сіз­дігінің 20 жылдығын мерекелеуге даяр­лық мәселе­ле­рі жөнінде кеңес өтті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Кеңес жұмысына Премьер-Министр Кә­рім Мәсімов, Президент Әкімшілігінің Бас­шысы Аслан Мусин, Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев, Пре­зи­денттің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хат­шы­сы Марат Тә­жин, Президенттің көмекшісі Нұрлан Ермекбаев, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин қатысты. Премьер-Министр К.Мәсімов пен Президент Әкім­шілігінің Басшысы А.Мусин Мемлекет басшы­сына Қазақстан Рес­пуб­ликасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын өткізу жөнін­дегі іс-шаралардың жалпы­ұлт­тық жоспарын іске асыру барысы туралы хабардар етті. Сонымен қатар, кеңес барысында Конституция күнін өткізуге даярлық, алдағы уақытта Душанбеде өтетін ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отыры­сы­на, Астра­хань­дағы Қа­зақстан Республикасы мен Ресей Федера­циясының аймақаралық ынты­ма­қ­тастығының VIII форумына, БҰҰ Бас Ассам­блея­сының сессиясы мен Нью-Йорктегі жоғары дең­гей­дегі ядролық қау­іп­сіздік жөніндегі отырысына қатысу мә­селелері талқыланды. ----------------------------------------- Суретті түсірген С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.