• RUB:
    5.5
  • USD:
    473.95
  • EUR:
    513.38
Басты сайтқа өту
19 Тамыз, 2011

Жиын жеңіске жігерлендіреді

309 рет
көрсетілді

Биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы аталып өтпек. Осындай айтулы мереке қарсаңында  Туризм және спорт министрлігінің спорт фестивалін өткізуі ел өміріндегі елеулі оқиға деп білемін. Алда – Лондон Олим­пиадасы. Байрақты бәсекеде Қазақ елі спортшыларының суырылып алға шығып, ел байрағын аспандата беретініне сенгіміз келеді. Менің ұлым Данабек Сужанов он­шақты жылдан бері бокспен шұғыл­да­нып келеді. Тіл-аузымыз тасқа, нәти­жесі жаман емес. Гуанчжоуда өткен Азия ойындарында жүлдеге ие болса, ел біріншілігінде топ жарды. Қазір Данабегім бокстан өтетін әлем чемпио­на­тына әзірленіп жатыр. Осы әлемдік додадан  табыспен оралса, ар жағында Лон­дон Олимпиадасы да қол бұлғап қалатын шығар. Мен бүгін әкелік алғысымды «На­дал-трейд» фирмасының директоры Нұрлан Байжігітұлы Можановқа айт­қым келеді. Нұрлан бауырымыз ұзақ жылдан бері әуесқой бокс федера­ция­сына жетекшілік етіп, шығыста қанат жайған былғары қолғап шеберлеріне үлкен көмек жасап келеді. Өз қаржы­сы­мен талай боксшыны байрақты бәсекелерге жіберді. Ұлым Данабекке де қолғабыс жасап жүр. «Ақсұңқар жемін шашып жейді» дегендей, Н. Можановтай елінің болашағы үшін жаны ашитын азаматтар көбейе берсе, нұр үстіне нұр! Жұмағұл СУЖАНОВ, еңбек ардагері. Өскемен.