• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2011

Оқушылар тәрбиесіне мән беруді атап өтті

302 рет
көрсетілді

Жаңа оқу жылының баста­луы­на да санаулы күндер қалды. Со­ған орай дайындық мәселесі қан­дай де­ген ниетпен Білім және ғы­лым министрі Бақытжан Жұма­ғұ­лов Ота­нымыздың барлық өңір­лерін­дегі жағдайды жіті назарда ұстап, кейбір білім ұяларында болып, ұс­таздар қауымымен, ата-аналармен пікір алмасуда. Соның бір дәлелі, министр өткен сәрсенбі күні Астана қаласындағы «Нұр Орда» қазақ-түрік лицейі мен «Нұр Орда» ха­лық­аралық мектебінде болды. Ол бі­лім ұяла­рын­да­ғы жаңа оқу жы­лы­­­на дайындық­тың барысын өз кө­­зімен көрген соң қазақ-түрік ли­цей­­лерінің бас­шыларымен кездесті. Кездесу үстінде біріншіден, қа­­зақ-түрік лицейлерінің оқу жос­пар­лары мен бағдарламалары Қа­зақ елінің мемлекеттік білім беру стан­дарттарының талабына сәй­кес­тігі айтылды. Оның мазмұны мен құ­рылымына талдау жүргі­зі­ліп оты­ра­тыны да назардан тыс қалмады. Екіншіден, оқу орын­да­рының кадр­лық әлеуеті сөз болды. Бұл жа­ғы­нан келгенде мұғалім­дердің 90 па­йызы – Қазақстан аза­маттары, 10 пайызы түр­кия­лық мұғалімдер екен. Осы жерде министр қазақ-түрік лицейлеріндегі мұғалім­дер­дің кәсіби біліктілігін арттыру ісін бір жүйеге келтіруге, соның ішінде талапкер­лер­дің «Болашақ» бағдар­ламасы бой­ынша шетелде тәжіри­беден өту жайына ерекше тоқтал­ды. Үшін­ші­ден, мектеп оқушыла­рының тәр­­биесіне ерекше мән беру керектігін тілге тиек етіп, оларды экстре­мистік, дәстүрлі емес дін­дер­дің ағымынан алшақ ұстау, отан­шыл­дық рухқа баулу мәсе­ле­сі­не келгенде қырағы болуды ескертті. Кездесуге «KATEV» халық­ара­лық қоғамдық қорының президенті Месут Ата арнайы ша­қы­рылды. Әң­гіме барысында Б.Жұ­мағұлов жо­ғарыда айтылған өзек­ті мәсе­ле­лерге көңіл аударды. Сон­дай-ақ, қа­зақ-түрік лицейле­рінің қызметі Білім және ғылым министрлігінің ұдайы қадағалау­ын­да болатынын атап өтті. Сүлеймен МӘМЕТ.