Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Астана қалалық «Ауғанстан соғысы ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, жауынгерлік қимылдар жүргізуде тәжірибесі бар жауынгер-интернационалистерді әскери қызметшілерді оқытуға тарту мәселелері қарастырылды.
Биылғы жылғы наурыз айында «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлері» қоғамдық бірлестігі құрылып, оның төрағалығына Халық Қаһарманы генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев сайланған болатын. Құрамына жауынгер-интернационалистер кірген ұйымның болашағы туралы айтқан Бақытжан Ертаев қоғамдық бірлестіктің негізгі міндеті ардагерлер мен олардың отбасы мүшелерінің мүддесін қорғау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, аға буынның жауынгерлік дәстүрі мен тәжірибесін бүгінгі Отан қорғаушыларына дарыту екеніне тоқталды.
Оксана ПАРПУРА.
Суретті түсірген Денис АНИКАЕВ.