Облыс мұғалімдері жаңа оқу жылына тыңғылықты әзірліктермен келіп отыр. Бұл жөнінде тамыз кеңесінде облыстық білім басқармасының бастығы Орал Қаппасов мәлімдеді. Жиында облыс әкімі Серік Біләлов ұстаздар қауымына жан-жақты марапат көрсетті. Құрметтеу рәсімі еңбек жолын алғаш бастағалы отырған 14 жас маманнан басталып, әрқайсысына 105 мың теңге көтерме ақы табыс етілді.
Түрлі аталымдар бойынша таңдаулылар қатарынан көрінген 52 мұғалімге 50 мың теңгеден сыйақы берілді. Ақжар ауданының № 6 кәсіби лицейіне, Ақжар және Аққайың аудандарының коррекциялық кабинеттеріне жеңіл көліктер берілді.
Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.